Баспасөз релиздері

Канадалық компаниялар Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің жоғары әлеуетін атап өтті

Канадалық компаниялар Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібінің жоғары әлеуетін атап өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бастаған қазақстандық делегациясының «PDAC-2023» Халықаралық конференциясы аясында канадалық ірі компаниялармен екіжақты кездесулері өтті. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Иран Шархан, Қазақстан Республикасының Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғали қатысқан кездесулерде, канадалық компаниялардың Қазақстандағы тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.

Делегаттар «Hatch» компаниясының басқарушы директоры Джо Ломбардпен кездесті. «Hatch» - тау-кен, энергетика және инфрақұрылым салаларында жаһандық қатысуы бар ірі инженерлік және технологиялық компания. Кездесу барысында компания басшысы өкілдікті Қазақстанға көшіруге, сондай-ақ елімізде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Айта кету керек, «Hatch» қазіргі уақытта бірқатар ірі қазақстандық компаниялармен ынтымақтасады.

Hatch.jpg

B2Gold геология және техникалық қызметтер жөніндегі вице-президенті Брайан Скотт қазақстандық делегациямен кездесуде компанияның алтын өндіру және өңдеу, сондай-ақ жаңа кен орындарын іздеу саласындағы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейту ниеті туралы айтты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларына оң баға берген компания өкілі Ақмола, Қостанай облыстары мен Қазақстанның басқа да аймақтарында алтын кен орындарының жаңа ашылуының елеулі перспективаларын атап өтті.

B2.jpg

Cameco вице-президенті Каролина Горсалитцпен кездесуде компанияның Қазақстандағы ағымдағы жобалары, сондай-ақ көлік бағыттарын әртараптандыру мүмкіндіктері талқыланды. Еске салайық, Cameco Қазақстандағы ең ірі канадалық инвестор және Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі. Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бірлесіп, Түркістан облысында уран өндірумен айналысады.

Сонымен қатар, «Ion Energy» компаниясының бас директоры Али Хаджимен кездесу өтіп, компания Қазақстанда сирек кездесетін металдар саласындағы жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты. Айта кетейік, қазір Ion Energy Моңғолияда литий кен орнын игеруде.

Ion.jpg

Кездесу барысында канадалық «Arras Minerals» қоғамдық компаниясының президенті Даррен Клинк Павлодар облысындағы алтын өндіру жөніндегі инвестициялық жобасының орындалу барысы туралы баяндап, Қазақстандағы шетелдік компаниялар үшін қолайлы инвестициялық ахуалды атап өтті. Arras Minerals барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр және канадалық қорлардан қаражат тартуды жоспарлап отыр.

Arras.jpg

Делегация сонымен қатар Nutrien компаниясының үкіметпен байланыс жөніндегі директоры Кэм Бейкермен кездесті. Канадалық Nutrien компаниясы калий карбонатының әлемдегі ең ірі өндірушісі және азоттың екінші ірі өндірушісі болып табылады. Тараптар Қазақстанда калий тыңайтқыштарын өндіру жобаларын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Xcalibur Multiphysics компаниясының өкілі Андре Бланкомен делегация халықаралық қаржыландыруды тарта отырып, Қазақстанда геологиялық жұмыстарды жүргізуде ынтымақтастық мүмкіндігін талқылады.

Сонымен қатар, Teck Resources Limited вице-президенті Стюарт МакКраккенмен келіссөздер жүргізілді. Канадада мұнайлы құмдардан мыс, мырыш, кокстелетін көмір, мұнай өндірумен айналысатын компания Қазақстанда тау-кен жобаларын жүзеге асыруға мүдделі. Қазіргі уақытта Teck Resources Limited компаниясы Arras Minerals компаниясымен бірге Павлодар облысындағы Бесқауға жобасында жұмыс істеп жатыр.

NDT Technologies ірі канадалық компаниясының президенті Стефан Григораспен келіссөздер барысында тараптар Ресей Федерациясындағы қызметтің тоқтатылуына байланысты кейіннен Қазақстанда жоғары технологиялық өнімдерді локализациялау мүмкіндігімен аймақтық хабты ұйымдастыру мүмкіндігін талқылады.

Hunter Dickinson компаниясының вице-президенті Дэвид Гантпен тараптар тау-кен металлургия саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Hunter Dickinson Inc. 30 жылдан астам тау-кен тәжірибесі бар әртараптандырылған жаһандық тау-кен тобы.

Канадалық Condor Energies компаниясының президенті Дон Стрю қазақстандық делегациямен кездесуде Қазақстандағы литий кен орындарын барлауға дайын екенін атап өтті. Қазіргі уақытта компания еліміздегі мұнай-газ секторында және ТМК саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыруда.

PDAC-2023 аясында қазақстандық делегация Түркиядағы ең ірі алтын өндіруші Tumad компаниясымен кездесті. Келіссөздер барысында компания басшылығы Түркия және Канада серіктестерімен бірге Қазақстандағы алтын және мыс кен орындарын барлауға қызығушылық танытатынын мәлімдеді.

Tumad.jpg

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру және жаңа әлеуетті инвесторларды тарту бойынша бірқатар іс-шараларға қатысты.

Осылайша, PDAC-2023 көрмесі аясында делегация Канада-Еуразиялық сауда палатасы ұйымдастырған CECC Eurasia Mining конференциясына қатысты. Конференцияда Қазақстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің тау-кен өнеркәсібіндегі инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды. Канадалық бизнес өкілдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдегі ТМК саласының әлеуетін дамыту бойынша қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады.

Конференция СЕСС.jpg

Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысындағы калий кен орындарын игеруге арналған «Potash Business: Saskatchewan – Kazakhstan Opportunities» шарасы аясында Саскачеван провинциясының канадалық инвесторлары үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері өтті. Ақпараттық сессияда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, БҚО әкімдігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің өкілдері сөз сөйледі.

Саскачеван - 3.jpg

Жаңартылатын электр энергиясын өндірудегі канадалық тәжірибені зерделеу үшін қазақстандық делегация инновациялық RuggedCell™️ электролизерлерін шығаратын HydrogenOptimized кәсіпорнында болды. Бұл патенттелген технологиялар жасыл сутегін алу үшін қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бағдарламасын және Қазақстанда жасыл сутегін өндіру бойынша ауқымды жобаларды ескере отырып, HydrogenOptimized Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырылды.

Водород.jpg

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге