Баспасөз релиздері

Итальяндық инвесторлар Қостанай облысында трактор шығарады

Итальяндық инвесторлар Қостанай облысында трактор шығарады

Итальяндық «SDF Group» компаниясы мен «АгромашХолдинг KZ» АҚ Қазақстанда «DEUTZ-FAHR» неміс сауда маркасының ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін құруды жоспарлап отыр. Тиісті құжатқа екі компанияның басшылығы арасында қол қойылды

Жоба Қостанай қаласында «Агромашхолдинг KZ» АҚ Локализациялау орталығы алаңында өндіріс құруды көздейді. Жыл сайынғы өндіріс көлемі шамамен 500 бірлік трактор мен 100 бірлік комбайнды құрайды. Дайын өнімді өткізу қазақстандық компанияның сауда желісі арқылы жүзеге асырылатын болады.

«Итальяндық инвесторлар өткен жылдың маусым айынан бастап осы жобаны жүзеге асыру мүмкіндіктерін зерттеді. Ағымдағы жылы шетелдік компания өкілдері Қазақстанға келіп, мемлекеттік органдардың және ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін компаниялардың мамандарымен бірқатар кездесулер өткізді, оларды ұйымдастыруға біздің компания жәрдем көрсетті. Сапар қорытындысы бойынша олар Қостанай қаласында жобаны іске асыру туралы шешім қабылдады. Жобаның болашағы үлкен, жақын арада инвесторлар жергіліктендіруді ұлғайтуды және өнімді көрші елдерге экспорттау мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалық менеджері Айнұр Жұманбаева.

Инвесторлардың айтуынша, жобаны жүзеге асыру аясында 150-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады. Компания сату айналымын 20 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Айта кету керек, бүгінгі күні KAZAKH INVEST ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласында жалпы соммасы $200 млн болатын тағы 11 жобаны іске асыруға жәрдемдесуде, үш жоба 2019 - 2020 жылдары пайдалануға енгізілді, қазіргі уақытта өндірістік қуаттарды кеңейту және оқшаулауды тереңдету бойынша жұмыс жүргізілуде. Жобаларды АҚШ, Германия, Ресей, Украина және басқа да жақын және алыс шетел инвесторлары жүзеге асырады.

«DEUTZ-FAHR» - зауыты Германияда орналасқан тракторлар мен комбайндардың сауда маркасы. Бұл компания 1977 жылы құрылған және Италия мен Батыс Еуропа елдерінде табысты жұмыс істейтін «SDF Group» компаниялар тобына кіреді.



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге