Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

Қазақстанның ТМК саласындағы мүмкіндіктері PDAC конференциясында таныстырылды

Қазақстанның ТМК саласындағы мүмкіндіктері PDAC конференциясында таныстырылды

Қазақстан Торонто қаласында жыл сайынғы PDAC көрме-конференциясында тау-кен металлургия кешенінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды. Үш күндік салалық іс-шараға әлемнің 135 елінен 25 мыңнан астам адам қатысты.

Қазақстандық делегация құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің және "Қазгеоақпарат", "Қазгеология", "ТауКен Самұрық", АХҚО, сондай-ақ Қазақстанның бизнес-қауымдастығының өкілдері кірді.

Іс-шара барысында қатысушыларға ТМК саласының даму перспективалары, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ "KAZAKH INVEST "ҰК"АҚ пайплайнындағы бірқатар жобалар ұсынылды.

"Бүгінде KAZAKH INVEST пайплайнында тау-кен металлургия кешені саласында бірқатар жобалар бар. ҚР ішінде шикізатты барынша өңдеуді ынталандыру үшін Үкімет бірқатар ынталандырулар ұсынады. Осыған байланысты біз қосылған құны жоғары өнім өндіретін инвесторларды таргеттейміз. Форум барысында біз заңнамалық базаны және Қазақстан аумағында шетелдік компаниялардың бизнесін жүргізудің табысты тәжірибесін егжей - тегжейлі талқыладық", - деп атап өтті "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ жоба жетекшісі Диляра Тектіғұлова.

Форум қорытындысы бойынша АҚШ, Канада және Ресейдің Kinross Gold, Anglo-American, Freeport-McMoran, B2Gold, POLYUS, Forbes&Manhattan сияқты ірі компанияларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша шетелдік бизнес өкілдері алтын, мыс, никель және сирек металдар кен орындарын игеру саласындағы жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа кодекстің қабылдануымен, Қазақстанның озық технологияларға деген қажеттілігімен, перспективалы кен орындарын игеру және геологиялық барлауды дамыту үшін мамандандырылған инвестициялық және юниорлық компанияларды тартумен қатар АХҚО алаңын пайдалану мүмкіндігі арқасында бірқатар компаниялар еліміздің аумағында бизнес жүргізуге қызығушылық танытқанын атап өткім келеді", - деп толықтырды Диляра Тектіғұлова.

Сонымен қатар, геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану саласында тәжірибе алмасу, сондай-ақ деректер базасын басқару үшін делегациямен Квебек және британдық Колумбия провинцияларының басшылығымен кездесу өткізілді. Аталған саланы дамытуда Канаданың мемлекеттік қолдау шаралары және канадалық тарап пайдаланатын озық технологияларды зерттеу және тәжірибе алмасу үшін ынтымақтастықтың ықтимал жолдары талқыланды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге