Баспасөз релиздері

2018 жылы Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен құны $ 183 млн инвестициялық жобалар іске асырылды

2018 жылы Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен құны $ 183 млн  инвестициялық жобалар іске асырылды

БЕРЛИН, 12 сәуір 2019 жылы – Берлинде сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-герман үкіметаралық жұмыс тобының 12-отырысы өтті. 

Алғашында бұл маңызды іс-шараның басты ұйымдастырушы Қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі болды, ол шетелдік инвестицияларды тарту және шетелге қазақстандық экспортты қолдау бойынша мәселелерді 2018 жылдың аяғынан бастап жетекшілік етуде .

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары - Қазақстандық ҮЖТ бөлімінің тең төрағасы Ермек Көшербаев, Германия Федеративтік Республикасының делегацияны - Экономика және энергетика федералды министрінің орынбасары, ҮЖТ неміс бөлігінің тең төрағасы Экхард Франц басқарған.

Іс-шара барысында инвестициялық климат және Қазақстан мен Германиядағы экономикалық ахуал кеңінен талқыланды. Делегациялардың басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен қызығушылық танытты. Сондай-ақ, тараптар экономикалық салаларын жүйелейтін және экономиканың нақты секторларында мақсатты жобаларды іске асыруға бағытталған «Жол картасын» қысқа мерзім ішінде дайындау және ең жоғары деңгейде қол қойылу туралы келісімге келді.

Бұл маңызды құжат Қазақстан экономикасын жаңғыртуға, Германиядан озық технологияларды тартуға және өңдеудің жоғары деңгейі бар қазақстандық өндірістерді кұруға бағытталған екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болады.

ҮЖТ отырысы барысында Қазақстан мен Германия арасындағы энергетика және энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздері, экология, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, технологиялар трансферті, көлік және логистика, коммуналдық қызметтер, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Осылайша, 2018 жылы Қазақстанда сауда, өнеркәсіп және жаңартылатын энергия көздері бойынша неміс капиталының қатысуымен жалпы кұны 183 млн. АҚШ доллар төрт инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Жобаларды іске асыру шамамен 400 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді.

ҮЖТ-ның тең төрағалары соңғы саяси оқиғалар, сондай-ақ әлемдік экономиканың дамуы мен сауда-саттық соғыстарынан туындаған қиындықтар контекстінде өз елдеріндегі ағымдағы экономикалық жағдаймен қатысушыларды таныстырды. Әлемдік нарықтардағы турбуленттіліктің және бірқатар жетекші ойыншылардың созылмалы санкциялар саясатының аясында, тараптар 2018 жылы Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының елеулі өсуін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстанның экономикасына неміс инвестицияларының 90%-дан астам «шикізаттық емес секторға», атап айтқанда өңдеу өнеркәсібіне, химия өнеркәсібіне, құрылыс материалдарын өндіруге және агроөнеркәсіп кешеніне тиесілі екенін атап өтті.

ҮЖТ қазақстандық бөлімінің тең төрағасы, Германия Қазақстан үшін ЕО-дағы басты саяси және жетекші сауда-экономикалық әріптестерінің бірі, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экспорттық мүдделерін ұсынатын елдерінің бірі екенін атап өтті.

Е.Көшербаев неміс әріптестеріне қолайлы инвестициялық ахуалды құруға, инвестициялық инфрақұрылымды жақсартуға және шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтары туралы хабарлады. Осыған байланысты ол инвестициялық жобаларды кең ауқымда жүзеге асыру және Қазақстандағы неміс компанияларының өндірістік қызметін кеңейту бойынша барынша күш жұмсауды ұсынды.

«Бүгінде инвестиция тарту экожүйесі жаңғыртылуда. Инвестициялық климат ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіріліп жатыр. Шетелдегі елшіліктер мен жергілікті атқарушы органдардың арасында тікелей өзара іс-қимыл тізбегін құру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Біз бірлескен инвестициялық жобаларымыздың, сондай-ақ Қазақстандағы өндірісті құру бойынша әлеуетті ұсыныстардың табысты болуына барлық күшімізді жұмсауға дайынбыз», - деп толықтырды қазақстандық делегация басшысы.

Сонымен қатар, «Kazakh Invest» компаниясы, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан бірыңғай келіссөзші ретінде, инвесторларға мемлекеттік қолдау шаралары және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу туралы хабарлады.

«Қазіргі таңда біздің тізіміміз шетелдік инвесторлардың қатысуымен шамамен 40 миллиард доллар құрайтын 157 жобаны қамтиды, бұл агроөнеркәсіп және тау-кен-металлургия кешені, мұнай-газ химия, машина жасау, инфрақұрылым және сауда саласындағы жобалар. Компания шетелде және республика өңірлеріндегі өкілеттіктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді», - деді «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Неміс делегациясының басшысы, өз кезегінде, Қазақстан Германияның аймақтағы маңызды серіктесі ретіндегі рөлін атап өтті, екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың серпінді дамуына жоғары баға берді, сондай-ақ неміс бизнесінің Қазақстан нарығына тұрақты қызығушылығы туралы хабарлады. Оның айтуынша, екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі бірқатар кедергілерді жою, екі ел арасындағы экономика мен инвестициялар саласындағы ауқымды ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

«Біздің қарым-қатынастарымызда үлкен, бірақ толықтай пайдаланылмаған әлеует, сондай-ақ нақты мазмұнымен толықтыра алатын тауашалар бар. Қазақстан біз үшін Орталық Азиядағы маңызды әріптес. Неміс экономикасы Қазақстанның экономикасын жаңғыртуға ауқымды қатысуға мүдделі және осы бағыттағы өз үлесін қосуға дайын », - деді Э.Франц.

Айта кету керек, тараптардың жоспарлары бойынша, 2019 жылы етті қайта өңдейтін және азық-түлік өндіретін Tönnies компаниясы (жылдық айналымы 6,3 млрд еуро) Қазақстанда бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкін. Компания ет өндеу зауытының толық өндірістік айналымының құрылысына, соның ішінде бордақылау алаңына, ет комбинатына, және үлестіру орталығына, инвестиция салуға ниетті. 

Екіжақты келіссөздер аясында, “FB Waste Recycling” неміс компаниясы Жамбыл облысында қоқыс қайта өңдеу бойынша бірлескен кәсіпорынды құру мүмкіндігі туралы хабарлады. Неміс компаниясының серіктесі «Экожер» ЖШС (Тараз) жергілікті компаниясы болуы мүмкін. 

Жобаның жалпы құны 50 млн. еуро, жылына 150 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарын қайта өңдеп, сағатына 5 МВт-қа  дейін электр энергиясын өндіру жоспарлануда. Қоқысты қайта өңдеу зауытының ашылуы 80 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, Берлинде қазақстандық делегация ауыл шаруашылығы техникасының жетекші өндірушілерінің бірі «CLAAS» компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Келіссөздер қорытындысы бойынша неміс тарапы ауылшаруашылық техникасы өндірісін Қазақстанда құруға және бірлескен жобаны жүзеге асыру жоспарын әзірлеуге келісті. Тараптар, «CLAAS» компаниясы өндірісті құрғаннан кейін бесінші жылыға 30% көлемінде орналастыруға, қазақстандық кәсіпорындарды іріктеуге уәделесті.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация Германияның Бундестаг депутаттарымен, Германия экономикасының Шығыс комитетінің басшылығымен және Германияның экономикалық ынтымақтастығын дамыту қоғамымен келіссөздер өткізді. Сондай-ақ, делегация фотоника және оптика, жаңартылатын энергия көздері және биотехнология салаларында 500-ден астам компанияларын және ғылыми-зерттеу институттарын біріктіретін «Берлин-Адлерсоф» Ғылым және Технологиялық паркіне барды.

ҮЖТ отырысының нәтижелері екі мемлекеттің арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың сапалы жаңа кезеңінің басталуын және тараптардың  болашақ жылдарға әзірленетін «Жол картасына» кіретін нақты экономикалық жобаларды жоспарлы және ауқымды деңгейде іске асыруға дайын екендігін көрсетті.

ҮЖТ Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты үйлестіретін және үнемі үкіметаралық деңгейде серіктестік келіссөздер ұйымдастыратын негізгі орган болып табылады.

 

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге