Баспасөз релиздері

БАӘ инвесторлары Ақтөбеде 720 орынды мектеп салады

БАӘ инвесторлары Ақтөбеде 720 орынды мектеп салады

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың «International Community Schools» компаниясының құрылтайшысы, басқарушы директоры Мұхаммед Шаммахпен кездесуінде «Эрудит» бизнес мектебінің құрылысы жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Білім ошағы 720 орынға есептелген. Инвестор «Эрудит-Бизнес» ЖШС жобаға 6,6 млрд теңге инвестициялауға дайын. Жоба «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады.

«Білім беру басым бағыттардың бірі, сондықтан біз мұндай жобаларды толығымен қолдаймыз. Ақтөбеге, бүкіл облысқа бұл мектеп керек. Біз жобаның тезірек жүзеге асуына мүдделіміз, соның арқасында балаларымыз физика, математика, ағылшын тілін тереңдетіп оқи алады. Қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту әдістемелерін, Сингапур мен АҚШ-тың озық тәжірибесін енгізу мен пайдалануға ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Болашақта бұл мектеп үздік білім беру дәстүрлері мен тәжірибесін тарататын орталыққа айналатынына сенімдімін, сондықтан мен бұл жобамен жеке айналысамын, туындаған барлық мәселелерді жедел түрде шешетін боламыз», - деді аймақ басшысы.

Өз кезегінде Мохаммед Шамма облыс әкіміне жобаны жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Айта кету керек, Ақтөбе келесі жылы Эрудит мектебі ашылатын Қазақстандағы екінші қала болады, біріншісі Астанада биыл тамыз айында жұмысын бастайды.

«Біздің мақсатымыз – британдық, американдық тәжірибені пайдалана отырып, балаларға сапалы білім беру. Бұл салада 33 жылдық тәжірибеміз бар. Проблемалық мәселелер жоқ. Келесі жылы біздің мектеп оқушыларды қабылдай бастайды деп ойлаймын», - деді инвестор.

Жобаның ерекшелігі – 7 мен 15 жас аралығындағы балалар 3-8 адамнан тұратын шағын топтарда оқитын болады. Оқу бағдарламасы аясында студенттер оқудан өтіп, орта мамандықтар бойынша сертификаттар ала алады.

Академиялық стандарттар Cambridge International Education, Edexcel және Advanced аккредитациясынан өткен.

Дереккөзі: Ақтөбе облысының әкімдігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге