Баспасөз релиздері

Нұр-Сұлтанда инвестор заманауи логистикалық орталық салмақ

Нұр-Сұлтанда инвестор заманауи логистикалық орталық салмақ

«KAZAKH INVEST» және «Wholesale Retail Trade Enterprise» JSC компаниясы жаңа халықаралық стандарттар бойынша автоматтандырылған логистика және фулфилмент орталығын салу жөніндегі жобаны іске асыруды қолдау шеңберінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Логистикалық орталық электроника, тұрмыстық техника, үй және бақ, сұлулық, балалар мен ойыншықтар, спорт, ойын-сауық, көлік және басқалары сияқты тауарлардың көптеген санаттарын сақтау және жеткізу шешімдерін ұсынады деп жоспарлануда. Жоба шеңберінде қойма шаруашылығын автоматтандыру саласында DEMATIC (Люксембург), KNAPP (Австрия), SSI Schafer (АҚШ) сияқты әлемдік ТОП-3 компанияны тарту көзделеді.

Бірінші кезеңде инвестициялардың құны шамамен $15 млнқұрайды.Қаражат Нұр-Сұлтан қаласында жалпы аумағы20 мың шаршы метр логистикалық орталық ғимаратының құрылысына бағытталатын болады. Құрылыс қорытындысы бойынша 200 тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жоба 2022 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады деп күтілуде.

1-ші кезең аяқталғаннан кейін логистикалық орталықты А+++ класына дейін автоматтандыруға (роботтандыруға) бағытталған жұмыстарды атқару жоспарда бар.Инвестициялардың жалпы сомасын $70-$100 млн дейін жеткізу көзделген.

Тараптар бұл жоба электрондық коммерцияны дамытудың және елге жаңа цифрлық технологиялар трансфертінің локомотивтерінің бірі болады деп есептейді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге