Баспасөз релиздері

Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктері Бавария астанасында таныстырылды

Қазақстан өңірлерінің инвестициялық мүмкіндіктері Бавария астанасында таныстырылды

12 қыркүйекте Қазақстанның экономикасына неміс инвестициялары мен технологияларын тарту бойынша кең ауқымды жұмыстың шеңберінде  Мюнхен қаласында «Қазақстанда өңірлердің мысалында неміс компанияларына арналған инвестициялық мүмкіндіктер» тақырыбындағы экономикалық форум өтті. Іс-шара Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің ұйымдастырушылық қолдауымен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ ұйымдастырылды.  

Немістер тарапынан форумда Баварияның Экономика және технологиялар министрі Франц-Йозеф Пширер, Мюнхен мен Жоғарғы Бавария Сауда-өнеркәсіптік палатасының Президенті Эберхард Зассе, жер үкіметінің мүшелері, өңірдің экономикалық бірлестіктерінің өкілдері, сондай-ақ шамамен 90 неміс және бавария компанияларының басшылары қатысты.   

ҚР-ның  ГФР-дағы Елшісі  Болат Нүсіпов, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ төрағасының орынбасары Марат  Бірімжан,  Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Суюнчалиев, Алматы және Қостанай облыстарының салалық ведомстволары, сондай-ақ Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының «Тараз Химия паркі» АҚ мен «Орал-Кабель» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорындары басшылары  Қазақстандық делегацияның құрамында таныстырылды. 

Бұл форумның негізгі мақсаты ел басшылығының қазақстандық экономиканы одан әрі жаңғырту және индустриалдандыру үшін, ҚР-дағы басым жобаларға шетелдік инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларды  іс жүзінде іске асыру болды.  

Өзінің құттықтау сөзінде Елші Болат Нүсіпов форум қатысушыларын елде жүргізілетін Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал ететін және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық реформалармен таныстырды. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық ұйымдар мен жетекші  рейтингтік агенттіктердің желісі бойынша рейтингі артуының басты индикаторлары мен серпіні белгіленді. Біздің елдің Елбасымен жақын арада болған Астаналық экономикалық форумның барысында ұсынылған бес жаһандық мега-трендтерге аса назар аударылды. 

Министр Франц-Йозеф Пширер Қазақстанның Орталық Азиядағы Германияның басты сауда-экономикалық және саяси серіктестігі ретінде өскен ролін атап өтті.  Неміс саясаткерінің айтуы бойынша, Қазақстан шетелдік инвесторлар үшін негізгі талаптарды құрайтын мемлекеттік бағдарламаларды сеніммен іске асырады. Осыған байланысты, оның айтуы бойынша, бавариялық бизнес қазақстандық нарықта өзінің болуын нығайтуға және экономикалық құрылымдарды сандық жүйеге көшіру, энергетикалық революция, Бавария федералдық жердің тәжірибесінде жаһандық еңбек нарығын түрлендіру бойынша жаңа трендтер мен жобаларда белсенді қатысуға дайын.    

Іс-шара барысында Бірімжан Марат басымдық салалардағы басты инвестициялық жобаларды таныстырды. Жеке алғанда, «Қазақстан-2050» Даму стратегиясының, сондай-ақ Елбасының елді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту жөніндегі қаңтардағы жолдауының мәнмәтінінде ҚР-да бизнес жүргізу мүмкіндіктері, заңнамалық қолдау, шетелдік инвестицияларды қолдау үшін бәсекелік артықшылықтар туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылды.    

Форумның шеңберінде Алматы, Атырау және Қостанай облыстарының экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды. Салалық ведомстволардың   басшылары сөз сөйлегенде қазақстан өңірлерінің экономика ерекшеліктері белгіленді, сондай-ақ Бавариядан келген әлеуетті инвесторларға нақты жобалар ұсынылды.  

Іс-шара қорытындылары бойынша «Kazakh Invest» ҰК» АҚ екі елдің экономикалық ынтымақтастығын өңірлік форматта маңызды толтыруға тартылған "Шығыс-Батыс" Бавария ынтымақтастығы ұйымымен" (Ost-West-Wirtschaftsforum Bayern e.V.) Өзара түсінісу туралы меморандумға, Бавариямен АӨК саласында кадрлар дайындау және ҚР-да аграрлық ғылымды дамыту жөніндегі өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған  Вайенштефан Жоғары аграрлық экономика мектебімен (Hochschule für Agrarwirtschaft Weihenstephan) Өзара түсінісу және ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар, Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде IT саласындағы ынтымақтастығы бойынша жұмысты белсендіру үшін, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен Rohde & Schwarz GmbH & Co KG арасында меморандумға қол қойылды.   

Анықтама: Бавария Германияның ең бір ірі және индустриалды дамыған өңірі болып табылады. Бавария ЖІӨ-нің көлемі тек 2017 жылы 568 млрд. еуроны артты. Жер экспортының үлесі шамамен 51%, ол өндірілетін өнімнің дүниежүзілік нарықтарда жоғары бәсекеге қабілеттілігі туралы куәландырады. Баварияда Allianz, Siemens, BMW, Audi, MAN, EADS, Eurocopter, Linde, Adidas, Puma және басқалар сияқты, осындай дүниежүзінде белгілі германия кәсіпорындарының бас кеңселері мен өндірістік қуаттары орналасқан. Қазіргі уақытта Баварияның үлесіне Германияның Қазақстанмен тауар айналымының жартысынан көбі келеді. Бавария компанияларының Қазақстанмен ынтымақтастық етуге талаптары жер үкіметінің белсенді қолдауына ие болды.   

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге