Баспасөз релиздері

Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты Қытайдың Сычуань провинциясында талқылады

Қазақстанмен инвестициялық ынтымақтастықты Қытайдың Сычуань провинциясында талқылады

Чэнду, 2021 жылдың 7 мамыры – Сычуань өлкесінің астанасында «Қазақстан-Қытай инвестициялық ынтымақтастығының болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы өкілдігінің бірлескен күшімен, сондай-ақ Сычуань провинциясының халықаралық сауданы ілгерілету комитетінің қолдауымен өткізілді.

Дөңгелек үстелге 25-тен астам сычуаньдық компаниялар мен қаржы институттардың топ-менеджерлері, сондай-ақ өлкенің сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

Өзінің алғы сөзінде Қазақстанның Елшісі Ғабит Қойшыбаев дөңгелек үстелге қатысушыларды республикасының экономикалық дамудағы жетістіктерімен, Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастығының перспективалық бағыттарымен, сондай-ақ ҚР Үкіметінің еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін қабылдаған шараларымен таныстырды.

Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST», «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниялары және «Астана» халықаралық қаржы орталығы өкілдіктерінің басшылары қытайлық кәсіпкерлерге Қазақстандағы іскери ахуал, сондай-ақ оның инвестициялық мүмкіндіктері туралы толығырақ баяндады.

Өз кезегінде ҚХР іскер топ өкілдері Қытайдың Сычуань өлкесі мен Қазақстан арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жолдары туралы өздерінің көзқарастарын ұсынды, сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылықтарын білдірді.

Сол күні қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысы Қытайдың Өнеркәсіптік банкінің, Харбин банкінің және «Sinohydro Group Ltd.» компаниясының кеңселерінде болып, осы бизнес құрылымдардың басшылығымен екіжақты қаржылық және инфрақұрылымдық ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Сонымен қатар, 6 мамырда Қазақстан Елшісі аймақтағы ең ірі авиакомпания – «Sichuan Airlines» авиакомпаниясының басшылығымен, сондай-ақ Чэндудың  «Тяньфу» және «Шуанлю» халықаралық әуежайларын басқарушы компаниясымен кездесу өткізіп, олармен Сычуань өлкесінің қатысуымен ҚР мен ҚХР арасындағы жолаушы және жүк тасымалын жөнге салу туралы мәселелерді талқылады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге