Баспасөз релиздері

Бейжіңде коронавирустық кезеңнен кейінгі ҚР мен ҚХР индустриялық-инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

Бейжіңде коронавирустық кезеңнен кейінгі ҚР мен ҚХР индустриялық-инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

Бейжіңде «12th China Overseas Investment Fair» шеңберінде Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастықтың үшінші Қазақстан-Қытай форумы өтті. Іс-шараны«China Overseas Development Association» және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚұйымдастырды.

Іс-шараға 200-ден астам қазақстандық және қытайлық мемлекеттік жәнеквазимемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығыныңмүшелері қатысты.

Форумды ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров бүгінгі таңда екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Пандемияның Қазақстан экономикасына теріс әсерін азайтумақсатында ел басшылығы жаңа инвестициялық құралдар құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы инвестициялық тартымдылықты арттыруға, мемлекеттіксаясаттардың транспаренттілігі мен болжамдылығын қамтамасыз етуге бағытталған елеуліөзгерістер мен реформалардың қажеттігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойыншастратегиялық инвестициялық келісім түрінде ірі инвесторларды қолдаудың қосымша құралыненгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы келісім инвесторларға салықтық преференциялар, жеңілдікті қаржыландыру, мемлекет тарапынан кепілдік берілген сатып алу, сондай-ақэкспорттық қолдау түрінде мемлекеттік қолдау шараларының кешенді пакетін ұсынады. Заңнама тұрақтылығының кепілдіктері мен салалық преференциялардың болуын атап өтумаңызды», - деді А.Айдаров.

Пандемия жағдайында жұмыстарды қайта бастауға және ҚР мен ҚХР арасындағыинвестициялық ынтымақтастық әлеуетіне арналған панельдік сессия шеңберінде Қазақстанныңинвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесерін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасыБауыржан Сартбаев жасады.

«Пандемияға қарамастан біз жұмыс форматын уақытылы қайта құра алдық. Пандемияшыңы кезеңінде инвесторлардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты бізжұмыстың фокусын жоғары пысықталған жобаларды қолдауға бағыттадық. Құрылыс-монтажжұмыстарын бастау, шетелден заманауи жабдықтарды әкелу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғанкәсіпорындардың жұмысын қайта бастау мәселелері жедел шешілді. Заманауи цифрлықтехнологиялардың көмегімен зауытты қашықтықтан іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізудіңалғышарттары бар. Бүгінде KAZAKH INVEST шетелдік бизнеспен қарқынды байланысорнатып отыр. Жобалармен жұмыс істейтін компаниялармен үнемі бейнеконференцияларөткізіліп тұрады. Сонымен қатар, біз сұраныстардың барлық түрлері үшін 24/7 жедел желісіненгіздік», - деп атап өтті Б. Сартбаев

Сонымен қатар, АХҚО-ның ҚХР-дағы өкілі Т.Маликов қатысушыларға АХҚО алаңыұсынатын ҚР мен Орталық Азияда бизнес жүргізудің бірегей шарттарын таныстырды.

Сондай-ақ форумда «China Overseas Development Association» Президенті Ху Вэйпин, ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің шетелдік инвестициялардепартаменті директорының орынбасары Чжэн Чжипин, China Power International Holding, China Tianchen Engineering Corporation, Universal Energy, China International Investment Management Consulting, General China Insurance, PICC, China Credit Insurance, China Nonferrous Metal, Gezhouba Overseas investment компаниялардың басшылары сөз сөйледі.

Іс-шара барысында пандемия кезеңінде инвестициялық жобаларды іске асыру бойыншаөзара іс-қимыл мәселелері, инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалары, қазіргіуақытта бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде екі елдің компаниялары тапболуы мүмкін тәуекелдер және оларды еңсеру жолдары талқыланды.

Айта кету керек, бүгінгі таңда 25 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, $24,7 млрдсомасына Қазақстан-Қытай жобалары әртүрлі пысықтау сатысында тұр. $4 млрд-қа 16 жоба іскеасырылды. Олардың қатарында автомобильдер мен электрокарлар өндірісі, рапс майын өндіружәне жалпы қуаттылығы 180 МВт болатын 3 күн электр станциясы бар. Сонымен қатар, келесіжылы АӨК, ТМК, инфрақұрылым, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында бірқатаржобаларды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Анықтама«China Overseas Investment Fair» Пекин қаласында өткізілетін жылсайынғы инвестициялық форумІс-шара ҚХР даму және реформалар жөніндегі мемлекеттіккомитетінің тапсырысы бойынша өткізіледіұйымдастырушылар «China Overseas Development Association». Жыл сайын форумға 500-ден астам бизнес өкілдері қатысады.

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге