Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» басшысы ҚР Ливан елшісімен кездесті

«Kazakh Invest» басшысы ҚР Ливан елшісімен кездесті

Бүгін «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстандағы Ливан Республикасының елшісі Жискар Эл Хури мырзамен инвестициялық серіктестіктің болашағын талқылады.

«Kazakh Invest» басшысы ливандық бизнесмендер үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Инвесторларға туризм, мұнай химиясы, инфрақұрылым т.б. салаларда әлеуетті жобалар ұсынылды. Сапарбек Тұяқбаев инвестициялық ұсыныстарды толық қарастыру үшін Қазақстанға ливандық бизнесмендердің сапарын ұйымдастыруды ұсынды. Өз кезегінде Елші мырза ливандық бизнес-қауымдастықтың жаңа жобаларға мүдделі екенін айтып өтті.

«Бұл біздің «Kazakh Invest» кеңсесіндегі алғашқы кездесуіміз. Біз – Ливан елшілігі және «Kazakh Invest» бірлесе отырып – жұмысты үйлестіріп, Қазақстанға ливандық инвестицияларды тартып және елдер арасындағы серіктестікті нығайтуға мүмкіндік болады деген үмітіміз бар», - деп айтып кетті Жискар Эл Хури.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге