Баспасөз релиздері

«Kazakh Invest» басшысы жұмыс сапарымен СҚО-на барды «Kazakh Invest» басшысы жұмыс сапарымен СҚО-на барды

«Kazakh Invest» басшысы жұмыс сапарымен СҚО-на барды «Kazakh Invest» басшысы жұмыс сапарымен СҚО-на барды

Бүгін Петропавл қаласында «Kazakh Invest» басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

«Әби-Жер», «ҚазЕтӨнім», «ТрансАгроИнвест», «Барс-Nord», «РЕ Маркет», «Загот-Интер», «Якорская құс фабрикасы» басшыларымен келіссөздер барысында, отандық компаниялардың өңірдегі «KazakhInvest» тарапынан пысықталып отырған инвестициялық жобаларына қатысу мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ бүгін облыстық әкімдікте бизнес, «Солтүстік» ӘКК және «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесу барысында С.Тұяқбаев, «Kazakh Invest» Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп бүгінгі күні шетелдік инвесторлармен бірге пысықталып жатқан 275 млн. АҚШ доллары жалпы сомасына тауашалы жобаларын анықтағанын атап өтті. 

Олардың қатарында – 100 млн. АҚШ долларына гербицидтерді өндіру бойынша зауыты, 25 млн. АҚШ долларына зығыр майын өндіру бойынша зауыты, 60 млн. АҚШ долларына бройлер құс фабрикасының құрылысы, 30 млн.АҚШ долларына ірі қара малдың 20 мың басына арналған малға жем беретін орынның және ет комбинатының құрылысы, сонымен қатар 60 млн.АҚШ долларына макарон бұйымдарының өндірісі бойынша жобасы бар.

Атап өту керек, «Kazakh Invest» сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысындағы тікелей инвестициялық жобаларына қатысуға қатысты шетелдік инвесторлармен келіссөздер басталды. Бұл қант зауытының, көлік-логистикалық орталығының, картопты қайта өңдеу, қолданыстағы машина құрастыру базасындағы автобөлшектердің өндірісі бойынша жаңа жобалары.

Жалпы алғанда, қазіргі уақытта Түркия, Ұлыбритания, Германия, Франция және Бельгиядан инвесторлардың СҚО жобаларына қатысуы пысықталып отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге