Баспасөз релиздері

CITIC Bank басшысы Қазақстандағы инвестициялардың философиясы мен жұмыс істеудің қағидаттары туралы айтып берді

CITIC Bank басшысы Қазақстандағы инвестициялардың философиясы мен жұмыс істеудің қағидаттары туралы айтып берді

Табысты экономикалық дамуға жету үшін қолайлы орта қажет. Бұл пікірді KGIR – 2019-дың пленарлық отырысы барысында CITIC Bank Директорлар кеңесінің төрағасы Ли Цинпин білдірді.

CITIC банкінің басшысы пленарлық отырыстың қатысушыларына CITIC тобының Қазақстандағы табысты бизнесінің құпиясын баяндады. «CITIC Group және CITIC Bank Қазақстандағы жақсы табыстарға қол жеткізген себептердің бірі бұл дұрыс әділдік тұжырымдамасын қолдану және достық қарым-қатынастарды қолдау», - деді Ли Цинпин. Оның айтуынша, компанияның шешім қабылдау философиясы «CITIC әрқашан инвестиция бағыттарының әріптестерімен бірлесіп талқылау қағидатын ұстанып, өзара пайда табу мақсатында оларды қолданады». «Біз өңірдің экономикалық дамуына үлес қосатын ірі жобаларды жүзеге асыруға тырысамыз, жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға үлес қосамыз», - деді қытай банкінің басшысы. Ол жобаның басты қозғаушы күші - «экономиканы дамыту және қабылдаушы елдегі халықтың өмір сүру деңгейін арттыру» екенін атап өтті.

CITIC-тің екінші маңызды ережесі - жергілікті экономиканың толыққанды интеграциясы және дамуы, Қазақстанның экономикалық дамуына үлес қосу. «Біз мәселені Қазақстан көзімен және оның перспективаларымен қарауға үлкен назар аударамыз және серіктестіктің қажеттіліктерін барынша мүмкіндігінше ескеруге тырысамыз. Біз бүкіл Қазақстанның экономикалық дамуына қолдау көрсету үшін түрлі салаларға инвестиция салуға тырысамыз », - деп атап өтті Ли Цинпин.

Ли Цинпин Премьер-министр Асқар Маминнің пленарлық отырысында «Қазақстан бүгінгі таңда бизнестің, инвесторлардың және кәсіпкерлердің ауқымды мүмкіндіктері бар ел болып табылады, біз өңірдегі және әлемдегі бизнес үшін қолайлы жағдайларды ұсынамыз» деп берген бағасымен толық келісіп, «бизнес-ортаны үнемі жетілдіру үрдісі әлсіремейді» деп үміттенеді. «Қазіргі уақытта салық саясатында экспорттаушыларға ҚҚС қайтару бойынша резервтер бар, виза беру мәселесін де рәсімдерін жеңілдеті арқылы шешуге болады», - деді ол. Сонымен қатар қытай банкі басшысының ойынша «экономикалық дамуы үшін қолайлы бизнес-ортаға қол жеткізу өте маңызды». «Ең алдымен, біз ашықтық дәрежесін арттырып, инвестициялық кәсіпорындардың бас менеджерлерінің үлесіне қойылған шектеулерді жеңілдеткіміз келеді. Ірі бизнеске инвестиция салуды мадақтау. АХҚО-ның дамуына ықпал ететін, Қазақстанда компанияларды дамыту, еншілес компанияларды, филиалдарды құру үшін көптеген қаржы ұйымдардың ашылуына ықпал ету», - деді ол.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге