Баспасөз релиздері

Германиялық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

Германиялық инвесторлар Қазақстанда бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыруды қарастыруда

Тау-кен металлургия кешені, сондай-ақ машина жасау саласындағы жобаларды іске асыру перспективалары «Becker Mining Systems», «Redpath Deilmann Gmbh» германдық компания басшыларының «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесуі барысында талқыланды.

«Becker Mining Systems» өкілдерімен кездесу барысында компанияның өндірісті оқшаулауға, сондай-ақ қазақстандық тау-кен металлургия кәсіпорындары үшін тау-кен металлургия жабдықтарын құрастыруға деген жоғары қызығушылығы атап өтілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта компания ҚР нарығына өз жабдықтарын жеткізіп отыр.

«Біз Қазақстанда тау-кен өндіру өнеркәсібін дамытудың зор әлеуетіне сенеміз. Өз кезегінде, біз осы саланың Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерімен егжей - тегжейлі танысу, сондай-ақ біздің кәсіпорынды оқшаулаудың ықтимал нұсқаларын қарастыру үшін келдік», - деп атап өтті «Becker Mining Systems» компаниясының зерттеулер мен әзірлемелер жөніндегі директоры Максимилиан Йонас БЕККЕР.

Айта кету керек, «Becker Mining Systems» әлемдегі энергетика, автоматтандыру, байланыс, көлік және тау-кен өнеркәсібіне арналған инфрақұрылым саласындағы кешенді технологиялардың жалғыз жеткізушісі, сондай-ақ өз өнімін әлемнің жетекші тау-кен компанияларына өткізеді.


«Тау-кен металлургия кешені Қазақстан өнеркәсібінің басым салаларының бірі болып табылады. Бізде бірлескен инвестициялық ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Сондықтан біз сіздің инвестициялық жобаларыңызға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміттенеміз және сіздердің Қазақстанға инвестициялау мүмкіндігін қарастырып отырғаныңызға қуаныштымыз», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Мейіржан Юсупов.

Сонымен қатар, «Redpath Deilmann Gmbh» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында машина жасау саласындағы инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері қаралды. Инвестордың айтуынша, қазіргі уақытта компания «Herrenknecht AG» - мен бірлесіп, Қазақстанда жылдам шахта салу үшін күніне 5 метрге дейін топырақ бұрғылауға арналған инновациялық жабдық әзірлеуде. Айта кету керек, «Redpath Deilmann GmbH» компаниясы шахталық оқпандарды салу және пайдалану бойынша қызмет көрсететін тау-кен құрылысы саласындағы мамандандырылған кәсіпорын болып табылады.


Сонымен қатар, «Redpath Deilmann Gmbh» компаниясының халықаралық жобалар жөніндегі Вице-президенті Оттен Франк Қазақстанда «Redpath Deilmann Gmbh» компаниясының еншілес кәсіпорнын ашу ниеті туралы хабарлады.


Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ инвестициялар тарту Департаменті Директорының орынбасары Сәкен Олжабаев жоғарыда аталған жобаны одан әрі сүйемелдеу барысында KAZAKH INVEST тиісті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға және тиістиі компаниялармен және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізуге көмек көрсетуге дайын екендігін хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде одан әрі тығыз өзара байланыс орнатуға уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге