Баспасөз релиздері

Француз бизнесі мен Алматы қаласының әкімдігі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

Француз бизнесі мен Алматы қаласының әкімдігі ынтымақтастықты жандандыруға ниетті

ҚР СІМ мен ҚР Франциядағы Елшілігі ұйымдастырған Қазақстан өңірлері инвестициялық таныстырылымдарының онлайн-марафоны аясында француз инвесторлары Алматы қаласындағы жобаларды жүзегеасыруға қызығушылық танытты.

Кездесуде алғашқы сөз сөйлеген Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев француз компанияларын Дүниежүзілік банк пен Fitch агенттігінің рейтингтеріне сәйкес Орталық Азия өңіріндегіең қарқынды дамып келе жатқан қаланың бірі саналатын Алматыменынтымақтастықты нығайтуға шақырды. Қатысушыларға қаланыңинвестициялық әлеуеті, даму жоспарлары, сондай-ақ қаланы цифрландыру және IT экожүйесін құру стратегиясы ұсынылды.

Вебинарға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, ҚР Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев, Қазақстан-Францияіскерлік кеңесінің тең төрағалары Айдан Кәрібжанов пен Ив-Луи Даррикаррер, сондай-ақ Алматы әкімдігінің, ҚР СІМ және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Белсенді,әрі жан-жақты қамтылғандиалог барысында француз бизнесі болашақ серіктестік үшін түйісу нүктелерін іздеу мақсатында қала басшысына бірқатар нақты сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болды.

Өз кезегінде Алмас Айдаров француз әріптестерін негізгі қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға шақырды және елдегі инвесторларды қолдау бойынша қолданыстағықұралдар туралы ақпаратпен бөлісті.

Ив-Луи Даррикаррер мен Айдан Кәрібжанов Қазақстанмен Францияарасындағы стратегиялық әріптестіктің экономикалық сегментінің дамуына өз бағаларын берді.

Вебинардың қорытындысындаАлматы әкімі мегаполисте табысты жұмыс істеп жатқан француз компанияларының тізімін кеңейту және оған Air Liquide, Dassault Systemes, Saint Gobain PAM және т.б. сынды ірікорпорациялардықосу мақсатында қаланың белсенді ынтымақтастыққа деген ниетінрастады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге