Баспасөз релиздері

Даниялық кәсіпкерлер Қазақстанның АӨК саласына инвестициялауды жоспарлауда

Даниялық кәсіпкерлер Қазақстанның АӨК саласына инвестициялауды жоспарлауда

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы даниялық компаниялар басшыларының делегациясы жұмыс сапарымен Қазақстанға келді. Делегация құрамына «Chr. Hansen», «Breeders of Denmark», «Cimbria», «Danbred», «Robco Engineering», «Skiold Group», «Skov», «VikingGenetics FMBA» сияқты ірі компаниялардың басшылары кірді. Сапар аясында делегаттар бірлескен дөңгелек үстелдерге қатысып, Алматы және Ақмола облыстарының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысты.

Даниялық кәсіпкерлердің Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында «KAZAKH INVEST» ҰК»  АҚ екі елдің бизнес өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Даниялық компаниялар құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, астық және майлы дақылдарды қайта өңдеу саласындағы заманауи агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, сондай-ақ тұрақты ауыл шаруашылығына көшу және озық цифрлық технологияларды пайдалана отырып, жаңа селекциялық шешімдерді енгізу туралы ойларымен бөлісті.


Өз кезегінде, қазақстандық тарап инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялық әлеуетін, еліміздегі бизнесті қолдаудың мүмкіндіктері туралы айтып берді. Дат кәсіпкерлерінің ерекше қызығушылығын АӨК саласындағы нақты инвестициялық жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктер тудырды.

«Көптеген жылдар бойы мемлекет тарапынан Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға үлкен көңіл бөлініп келеді. Агроөнеркәсіптік секторды дамыту үшін мемлекет оны жақсартуға бағытталған шаралар кешенін қабылдауда, осыған байланысты бүгінгі күні ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің ұлғаюы, республикада жаңа ауыл шаруашылығы объектілерін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласына инвестициялау көлемінің ұлғаюы байқалуда», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның жобалық менеджері Самат Алмағамбетов және даниялық компаниялардың бизнес-қоғамдастығын өзара тиімді ынтымақтастыққа және Қазақстан аумағында бірлескен өндірістер құруға шақырды.

Сонымен қатар, KAZAKH INVEST қолдауымен даниялқ агроөнеркәсіптік делегациясы Ақмола облысына өңірлік директор Ернұр Жолумбетовпен іссапармен келді, онда жаңа әлеуетті жобаларды іске асырудың егжей-тегжейін талқылау үшін өңірлік бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, делегаттар «Родина» көпбейінді агрофирмасына, Макинск құс фабрикасына, «МПК Бижан» ет өңдеу зауытына, «KazBeef Processing» зауыттарына барды.



Қазіргі уақытта дат делегациясы өңірдің өндірістерімен танысу, сондай-ақ Алматы облысы әкімдігінің, Алматы облысының Өңірлік даму орталығының өкілдерімен және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлескен дөңгелек үстелге қатысу мақсатында Алматы облысына сапармен келді.


Дөңгелек үстел аясында өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық әлеуеті, индустриялық аймақтарды дамыту және «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА шекара маңы аймағының көліктік-логистикалық әлеуеті таныстырылды. Бұдан басқа, жұмыс істеп жатқан, сондай-ақ агроөнеркәсіптік сектордағы жобаларды іске асыруды жоспарлап отырған жергілікті қазақстандық кәсіпкерлермен бірқатар B2B кездесулер ұйымдастырылды.


Бұдан бөлек делегаттардың Алматы облысына сапары аясында «Kaz Feed Agro», «LAKE FARM», «Адал» агроөнеркәсіптік компаниясы" АҚ, және т. б. кәсіпорындарға бару жоспарланып отыр.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге