Баспасөз релиздері

Қарағанды облысында өңірге инвестиция тартудың одан әрі шаралары талқыланды

Қарағанды облысында өңірге инвестиция тартудың одан әрі шаралары талқыланды

Қарағанды облысы инвестиция тарту бойынша Қазақстан өңірлерінің арасындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Осылайша, І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен облыста ТКК және ЖЭК саласында $139 млн. сомасына 2 жоба пайдалануға берілді. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңіндегі 4 жоба $438 млн құрайды. Оның ішінде ағымдағы жылдың соңына дейін $133 млн сомасына 2 жобаны іске қосу жоспарлануда, олардың ішінде: техникалық газ өндіру зауыты - Linde Group (Германия) және ЖЭК саласындағы жоба - Solarnet (Германия). Барлық жобаларды іске асыру арқасында 1800-ге жуық жұмыс орны қамтамасыз етіледі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды. Сапар барысында инвесторлармен ағымдағы және перспективалық жобалар, инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету және өңірдің тартымдылығын арттыру мәселелері талқыланды.

Сапар аясында Бауыржан Сартбаев «Linde Group» техникалық газ өндіру зауыты мен «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының құрамына кіретін «Бүркіт» БК» өнеркәсіптік жарылғыш заттарды өндіру зауыты, «Бемер Арматура» шарлы жапқыш арматурасын өндіру зауыттары сияқты бірқатар кәсіпорындарды көрді. Кездесу барысында сметалық құжаттаманы келісу, өндірісті жаңғырту, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды тарту бөлігінде жәрдемдесуді талап ететін өзекті мәселелер талқыланды.

Ұлттық компания басшысы Қарағанды облысының басшылығымен кездесті. Бүгінгі таңда аталған аймақ инвестиция тарту бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. Атап айтқанда, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаровтың айтуы бойынша, өткен жылы аталған өңір негізгі капиталға салынған инвестициялардың 25%-ын құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін өсімді қамтамасыз ету және тартылған инвестиция көлемін кем дегенде 550 млрд теңгеге жеткізу мақсаты қойылды. «Жыл басынан бері баламалы энергетика, химия және өңдеу өнеркәсібі, металлургия және агроөнеркәсіптік кешен саласында шамамен 280 млрд теңге сомаға 9 жаңа инвестициялық жоба енгізіледі. Қазір өңдеу өнеркәсібі секторы, соның ішінде тау-кен металлургия кешені басымдыққа ие. Сондай-ақ, логистика және тамақ өнеркәсібі салаларына үлкен назар аударылады».

Мемлекет басшысының алдағы 3 жылда агроөнеркәсіп кешеніне (АӨК) инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасын ескере отырып, KAZAKH INVEST осы бағыттағы жұмысты күшейтуде. Осылайша, Қарағанды облысындағы АӨК-нің инвестиция тарту үшін ең перспективалы бағыттары ет және сүт өнімдерін өндіруді, картоп крахмалын өндіруді, сондай-ақ кондитерлік өнімдерді өндіруді атап өтуге болады. «Аталған бағыттар аясында тұтас кластер құруға болады. Мысалы, картоп крахмалын өндіру кезінде мал үшін жақсы азық болып табылатын мезга қалады – тиісінше зауыт жанында бордақылау алаңын немесе сүт-тауар фермасын құру орынды. Сонымен қатар, жемдік дақылдар картоп өсіру кезінде ауыспалы егіс үшін өте пайдалы. Инвесторларды тарту үшін құс етін өндірсі тартымды болып табылады. Өңірде құс санының өсуінің оң динамикасы байқалады (2019 жылдың 1 қаңтарына-3,9 млн бас). Құс өнімдеріне сұраныс жыл сайын айтарлықтай артып келеді және Қарағанды облысының өкілдерімен кездесу барысында KAZAKH INVEST басшысысының айтуы бойынша, қазіргі заманғы әзірлемелерді енгізумен өндіру үрдісі аз шығынды және әлдеқайда тиімді болады».

Қазіргі таңда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Ақпараттық-мониторингтік жүйесінде 45 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен $49,4 млрд шетелдік инвесторлардың қатысуымен 185 жоба бар, олардың ішінде $217 млн сомасына тең 4 жоба іске асырылды, $15,2 млрд сомасына тең 82 жоба іске асырылып жатса, $34 млрд сомасына тең 99 жоба пысықталуда. Оның ішінде Қарағанды облысына жалпы сомасы $2,5 млрд шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 инвестициялық жоба тиесілі.

Компания тау-кен-металлургия кешені және машина жасау саласында жалпы сомасы 1,8 млрд АҚШ долларын құрайтын 6 әлеуетті жобаны іске асыруда. Халықаралық стандарттарға сәйкес (бизнес-жоспар, қаржы моделі, маркетингтік зерттеулер) 73 жоба «жинақталған», оның ішінде 7 жоба Қарағанды ооблысындағы АӨК, ТМК және әлеуметтік жобалар.

Бауыржан Сартбаевтың айтуынша, KAZAKH INVEST жыл соңына дейін ТМК саласындағы бірқатар жобаларды, оның ішінде алтын мен мыс-порфир рудасын өндіретін тау-кен байыту комбинаттары құрылысының екі жобасы бойынша қосымша жинақтауды жоспарлап отыр. Қарағанды облысы әкімдігінің және KAZAKH INVEST тауашалық жобаларын ілгерілету бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде қазіргі уақытта бірқатар бастамашылар мәселелері бойынша әлеуетті шетелдік инвесторлармен белсенді келіссөздер жүріп жатыр.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. «KAZAKH INVEST» ел Үкіметінің атынан «бірыңғай келіссөз жүргізуші» рөлінде сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті іске асыру үшін қажетті әртүрлі Рұқсаттар мен келісулерді тіркеуді, алуды қоса алғанда, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге