Қазақстан Республикасы CІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Маңғыстау облысына сапармен барды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Маңғыстау облысына іссапармен барды, оның барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қолдау шараларының таныстырылымы өтті. Кездесу барысында қатысушыларға жеңілдіктер мен преференциялардың кең ауқымы және инвесторларды қолдау тетіктері туралы толық ақпарат берілді.
Ғ.Оспанқұлов өз сөзінде мемлекеттік қолдау шаралары мен Маңғыстау облысының инвестициялық әлеуетіне тоқталды. Комитет басшысы инвесторларды қолдаудың жаңа тетіктері, оның ішінде Бас прокуратурамен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «жасыл дәліз» жүйесі мен Инвестициялар жөніндегі штабтың қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Осылайша, елімізде инвестициялық саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында Сыртқы істер министрлігі «ҰАТ» АҚ-мен бірлесіп және ЕАДБ қолдауымен Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаны іске қосты. Платформа инвесторлар, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор арасындағы өзара әрекеттесу үшін өзіндік «бір терезе» болып табылады. Оның негізгі мақсаты – инвестициялық процестің барлық қатысушылары арасында ақпарат алмасуды автоматтандыру.
Сонымен қатар, Комитет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаймен кездесу өткізіп, онда өңірге инвестиция тарту және жаңа жобаларды енгізу мәселелері талқыланды. Тараптар инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасауда бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап өтті.
Маңғыстау облысына сапары аясында Ғ.Оспанқұлов сондай-ақ «Ақтау теңіз порты» АЭА, Құрық портының қызметімен танысты және жергілікті компаниялардың өндіріс орындарын, сондай-ақ контейнерлік тораптың құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жобаны аралады.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Қазақстан экономикасының өсуінің негізгі драйверлерінің бірі ретінде Маңғыстау облысының одан әрі табысты дамитынына сенім білдірді.