Баспасөз релиздері

Баспасөз релиздері

Әзірбайжан инвесторлары Маңғыстау облысында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Әзірбайжан инвесторлары Маңғыстау облысында жобаларды жүзеге асыруға мүдделі

Әзірбайжан бизнес-қауымдастығының өкілдері Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларды іске асыруға жоғары қызығушылық танытуда. Бұл туралы Әзірбайжан Республикасы Бас консулдығының консулы Эльмар Маммадов "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ аймақтық директоры Айдын Тұмышевпен кездесу барысында мәлімдеді.

Екі жақты кездесу Маңғыстау облысы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы инвестициялық климатты жақсарту және екі жақты экономикалық қатынастарды дамыту жөніндегі жұмыстың жалғасы болды.

Кездесу барысында KAZAKH INVEST маманы консулды өңір дамуының басым бағыттары туралы мәлімдеді. Олардың қатарында логистика, туризм, ауыл шаруашылығы және энергетика бар.

«Бүгінгі таңда Маңғыстау облысы жылыжай шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және баламалы энергия көздерін белсенді дамытуда. Сонымен қатар, ыңғайлы географиялық орналасуы, бай тарихи мұра және ұзақ жағажай маусымы туристік салаға қаражат тартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша аймақтық директоры Айдын Тұмышев.

Өз кезегінде Әзірбайжан тарапы аймақты сумен қамтамасыз ету бойынша жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Тараптар аталған бастамалар бойынша белсенді жұмысты жалғастыруға келісті.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда KAZAKH INVEST ақпараттық-морниторингтік жүйесінде құны $ 3,6 млрд асатын 16 жоба бар,оның ішінде $657 млн болатын 7 жоба іске асыру сатысында, құны $ 2,7 млрд асатын 7 жобаны ұлттық компания мамандары пысықтауда.

2019 жылдың алғашқы 7 айында Маңғыстау облысы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы жалпы тауар айналымы шамамен $32 млн құрады,оның ішінде экспорт $28,1 млн, ал импорт - $3,9 млн құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге