Баспасөз релиздері

«Astana Finance Days 2020»: әлемдік сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады

«Astana Finance Days 2020»: әлемдік сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі сын-қатерлер мен мүмкіндіктерді талқылады

«Astana Finance Days» халықаралық алаңының сессиялары спикерлердің сөз сөйлеумен қатар, жаһандық трендтерді талқылау және таяу болашақта өңірлік және әлемдік қаржы нарықтарын қалыптастыратын жаңа идеяларды әзірлеумен қамтылған.

Көпкүндік қаржы форумы әлемдік сарапшылардың, саясаткерлердің, бизнес, мемлекеттік қызмет пен ғылыми орта өкілдерінің пікірін тыңдауға мүмкіндік береді. Форум дәстүрлі түрде қаржы институттарының, квазимемлекеттік сектор компанияларының өкілдерін, АХҚО-ның барлық қатысушылары мен АХҚО органдары кеңестерінің мүшелерін жинайды.

Биылғы жылы «Astana Finance Days» талқылауының басты тақырыбы әлемдегі нарықтарды дамыту және пандемияның әлемдік экономикаға әсері болды. Қазақстандық және шетелдік сарапшылар экономикалық жағдайдың қалай өзгеретінін, оның ішінде қандай салдары мен қандай технологиялар сұранысқа ие болатынын айтты. Атап айтқанда, қатысушылардың назары жаһандық экономика, қаржы технологиялары, дауларды онлайн форматындағы шешу әдісі, COVID-19 дамушы нарықтарға әсері сияқты бағыттарға аударылды. Сонымен қатар, исламдық қаржы бойынша конференция, капитал нарықтарының форумы, қаржы макроэкономикасының шолуы және т. б. өткізіледі.

Қазақстандық бизнес-қоғамдастықта шетелдік сарапшылардың қолайлы бейімделуі үшін қажетті жағдайларға арналған панельдік сессияда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жобалық қаржыландыру тобының директоры Дамир Мусин сөз сөйледі.

Қазақстан үкіметі барлық деңгейлерде жүргізіп отырған жұмыс халықаралық сарапшылар тарапынан мойындауға және жоғары бағалауға қол жеткізуге мүмкіндік берді: әлемнің 190 елінің ішінде біздің еліміз 2019 жылы жарияланған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business»рейтингінде 25-ші орынға иеленді, соның ішінде: келісімшарттарды қорғау бойынша 4-ші орынға және миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша 7-ші орынға иеленді.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) ағыны шамамен $350 млрд құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша елге $24 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Спикер Қазақстанда инвестициялық және іскерлік климатты жақсарту үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты. "Экономиканың серпінді өсуі жаңа инвестициялық жобаларға, сондай-ақ заманауи технологиялар мен білімді жедел импорттауға деген қажеттілікті талап етеді.

Қазіргі заманғы жағдайлар өз ережелерін талап етеді, үздік білікті сарапшылар даму мүмкіндіктері бар елдерге, ал инвесторлар дамыған кәсіби орта және халықаралық деңгейдегі талаптарды ұстанатын елге баралы. Шетелдік инвестор шешім қабылдағанға дейін көбінесе беделді рейтингтік агенттіктерге жүгінеді. Инвестордың назар аударатын критерийлердің ішінде бизнесті жүргізудің жеңілдігі, құжаттарды ресімдеу, инвестордың құқықтарын қорғау және инвесторларды қолдау тетіктері, еңбек және көші-қон заңнамасының қолайлылығы, салықтық режимі, инфрақұрылымның болуы, рұқсат беру құжаттарын және инвестициялық преференцияларды алу жылдамдығы және т.б. атап өткім келеді. Сонымен қатар, Қазақстанда төмен мөлшерлемелі несиелер мен үлестік қаржыландыру сияқты қаржылық қолдау шаралары бар", - деп атап өтті Дамир Мусин.

Сондай-ақ спикер компанияның қызметі туралы айтты: "Компания Үкімет атынан инвестициялар тарту саласындағы келіссөздерді қамтамасыз ететін жалғыз авторизацияланған орган болып табылады. Компанияның өңірлік және шетелдік өкілдер желісі бар. Біз "бір терезе" қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды қолдау үшін қызметтердің толық спектрін ұсынамыз: бастапқы идеядан іске асыруға дейін, сондай-ақ кейінгі инвестициялық кезеңде", - деді Д.Мусин.

Сессия барысында сондай-ақ елдің имиджін жақсартудағы АХҚО экспат-орталығының рөлі және Қазақстандағы шетелдік сарапшыларды қолдау, инвестициялық қызмет пен бизнес-климатты дамыту, АХҚО қатысушылары үшін жеңілдетілген көші-қон режимі қаралды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге