Баспасөз релиздері

KAZAKH INVEST пен Qazindustry индустиалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа міндеттерін ескеріп инвестиция тарту стратегиясын өзектілендіруді талқылады

 KAZAKH INVEST пен Qazindustry индустиалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жаңа міндеттерін ескеріп инвестиция тарту стратегиясын өзектілендіруді талқылады

2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының (ИИДМБ – 3) әзірленуі және елімізге инвестиция тарту шараларының жаңартылуы аясында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және «Qazindustry» Қазақстандық индустия және экспорт орталығы» АҚ-ның басшылығы әріптестіктің жаңа тәсілдерін және өзекті міндеттерін тиімді атқару жолдарын талқылады.

Кездесу барысында Qazindustry компаниясының басқарма төрағасы Әлішер Әбдіқадыров салалық басымдықтардан экспортқа бағытталған компанияларды қолдауға көшуді көздейтін ИИДМБ – 3 таныстырылымын өткізді. «Бұрын іске асырылған ИИДМБ арқасында еліміздің өнеркәсібі бірқатар көрсеткіштер бойынша табысқа қол жеткізді. Бірақ экспорт саласын әлі дамыту керек. Мысалы, бюджеттің табысын тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін дайын тауарларының экспортын ынталандыру арқылы салықтық базасын кеңейту керек. Бүгінгі күні бұл салада қазақстандық жобалардың арасында бізде жақсы мысалдар бар», - деді Әбдіқадыров.

Сондай-ақ, тараптар әр-түрлі мемлекеттік бағдарламалардың аясында берілетін мемлекеттік қолдау шараларының түйіндестіру мәселелерін талқылады. KAZAKH INVEST компаниясының басқарма төрағасы Бауыржан Сартбаев ИИДМБ – 3 аясында даму институтарының әрекеттесу пішімдерін жанғырту жолдарың ұсынды. QazIndustry бизнес үшін оператор-фасилитатор рөлін атқарып, еліміздегі өндірушілердің тауар сапасын халықаралық техникалық тәртіптері деңгейіне көтеруге жәрдем береді, өз кезегінде бұл тауарларымыздың бәсекеге қабілеттігін арттырып, өзіндік құнын арзандатады. Сондай-ақ, қала, жүйе құраушы өндірістердің аумағында арнайы экономикалық және индустриалдық аймақтарын құру бойынша мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

«Бүгінгі күні Қазақстанда елімізге шетелдік инвестиция тартуға ықпал ететің әр-түрлі институттар, ұлттық компаниялар және басқа ұйымдар бар. Қазіргі таңда біз сол ұйымдармен әрекеттесу механизмін түзеу бойынша жұмыстарды атқарып жатырмыз. Нәтижесінде мемлекеттік даму жоспарын, әсіресе ИИДМБ – 3, іске асырып жатқан органдардың жұмысының тиімділігі артады», - деді KAZAKH INVEST басшысы.

Сонымен қатар, кездесу барысында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік қолдау шарасы болатын және елімізде өңделген тауарлардың үлесін арттыратын «технологиялық даму сертификатын» құру идеясы көтерілді. Бұл құрал өндірістердің өнімділігін арттыру, инженерлік-техникалық және өндірістік қызметкерлеріне қолжетімділіктегі олқылықтарды жою, инновацияларды енгізу және өндірістегі қаржы басқару деңгейін көтеру арқылы еліміздің өндеу саласындағы өндірістерді көтеру мақсатында құрылмақ.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар еліміздің және әлемдік индустриясының даму трендтері және индустия саласындағы Қазақстан Республикасының бағдарламалық құжаттарды іске асыру бойынша статистикалық және сараптамалық мәліметпен алмасу туралы уәделесті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге