Баспасөз релиздері

Агроөнеркәсіптік кешен - Қазақстан мен Нидерланды арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың драйвері

Агроөнеркәсіптік кешен - Қазақстан мен Нидерланды арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың драйвері

Нидерландық компаниялар Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде озық агроөнеркәсіптік технологияларды қолдануға мүдделі. Бұл туралы «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповпен кездесу барысында Нидерланды Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андре Карстенс хабарлады.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің іскерлік топтарының агроөнеркәсіптік кешен, цифрландыру, аэроғарыш өнеркәсібі, денсаулық сақтау, жаңартылатын энергетика және т.б. салалардағы ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Андре Карстенс мырза өз сөзінде Нидерланды АӨК дамытудың катализаторларының бірі шектеулі жер ресурстарын, шуақты күндердің жетіспеушілігін, сондай-ақ электр энергиясының жоғары бағасын ескере отырып, жоғары технологиялық өнеркәсіптік жылыжайлар болғанын атап өтті.

«Нидерланды аумағы бойынша әлемде 131-ші орында және экспортталатын азық-түлік тауарларының көлемі бойынша 2-ші орында (94,5 млрд.евро). Нидерландтық бизнес қазақстандық АӨК секторының қарқынды дамуын ерекше қызығушылықпен бақылайды және осы саланың технологиялылығын арттыруға қатысуға ниетті», - деп толықтырды Андре Карстенс.

Өз кезегінде Мейіржан Юсупов COVID-19 пандемиясы және тікелей шетелдік инвестициялардың жаһандық ағындарының төмендеуі жағдайында Қазақстан Үкіметі елдің экономикалық өсуін қолдау бойынша белсенді шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

«Ағымдағы жылдың маусым айында Нидерландының бірқатар жылыжай компанияларының сапары пысықталуда. Технологияларды таныстыру, болашақ жылыжайлар жобаларын талқылау, ҚР-да жылыжайлар өндірісін оқшаулау мүмкіндігі күтілуде. Өз кезегінде KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен шарттарын талқылау кезінде бірыңғай келіссөз жүргізуші ретінде екі ел арасындағы іскерлік белсенділікті арттыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», - деп атап өтті Мейіржан Юсупов.

Айта кету керек, Нидерланды Қазақстан тарихындағы ең ірі инвестор болып табылады. Тәуелсіздік кезеңінде Нидерландыдан тікелей шетелдік инвестициялар көлемі шамамен $97 млрд. (ТШИ жалпы көлемінің 30%) құрады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша Нидерландыдан тікелей шетелдік инвестициялар көлемі $7,3 млрд құрады, бүгінгі таңда Қазақстанда нидерландық капиталдың қатысуымен 730 заңды тұлға тіркелген.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге