Баспасөз релиздері

Оңтүстік Кореялық компания Шымкент өндірісіне 3,2 млрд теңге қайта инвестициялады

Оңтүстік Кореялық компания Шымкент өндірісіне 3,2 млрд теңге қайта инвестициялады

Оңтүстік кореялық «Lotte Confectionery» компаниясы Шымкентте қант піспенан өндіретін жаңа желіні іске қосты. Желінің іске қосылуы өткен жылдың сәуір айында Шымкент әкімдігі мен «Рахат-Шымкент» ЖШС арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асырудың екінші кезеңі болды.

Компания хабарлағандай, өндіріске қайта инвестициялардың жалпы көлемі 3,2 млрд теңгені құрады. 35 жаңа жұмыс орны ашылды. Жабдықтың өндірістік қуаты - жылына 12 мың тонна өнім.

««Рахат» кондитерлік өніміне деген тұрақты сұраныстың болуы біздің өнімнің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді. Жаңа өндірістік желіні іске қосу барлық әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін піспенанымызға сұранысын қанағаттандыруға, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өңір бюджетіне біздің салық аударымдарымыз өсуде», - деп атап өтті «Рахат» АҚ Басқарма төрағасы Константин Федорец.

Желіні іске қосу әлемдегі аса ірі кондитерлік өнім өндіруші «LOTTE Confectionery» корей компаниясымен бірлесіп әзірленген инвестициялар бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды. Компания алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін кеңейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта мамандар кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін әзілеу бойынша жұмыс істеуде.

Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда «Рахат» АҚ Қазақстанның кондитерлік нарығының көшбасшысы болып табылады. Компания жоғары сапалы өнімдердің 400-ден астам түрін шығарады. Ассортиментте шоколад және тәтті тоңба кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад плиткалары, піспенан, вафли, зефир, драже және т. б. кіреді.

Шымкенттегі кәсіпорын бүгінде барынша жұмыс істеуде. Өндіріс көлемі жылына 24 мың тоннаға дейін өсті. Өндірілетін өнімнің ассортиментіне қант және қатты иленген қамыр піспенаны, крекер, вафля, сондай-ақ карамель мен зефир кіреді.

Жергілікті нарықтан басқа, компания өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Әзірбайжан, Германия, Қытай және басқа елдерде кеңінен ұсынылған.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге