Баспасөз релиздері

Парижде өткен Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстелі аясында жалпы сомасы $3 миллиард болатын 25 құжатқа қол қойылды

Парижде өткен Қазақстан-Франция инвестициялық дөңгелек үстелі аясында жалпы сомасы $3 миллиард болатын  25 құжатқа қол қойылды

Мемлекет басшысының қатысуымен француздың ірі компанияларының қатысуымен өткен Инвестициялық Дөңгелек үстел аясында екіжақты құжаттарға қол қойылды. Жалпы сомасы $3 миллиард болатын 25 құжатқа қол қойылды:

  1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Францияның Еуропа және Сыртқы істер министрлігі арасындағы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясын (ЖЭС) салу туралы үкіметаралық келісім

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Alstom Holdings SA арасындағы Қазақстан Республикасында жылжымалы құрамға және темір жол инфрақұрылымына арналған электровоздар мен жабдықтарды өндіру және оларға техникалық қызмет көрсету жобаларын іске асырудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім

  3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Synetics арасындағы генетикалық орталық құру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім

  4. «АХҚО» АҚ мен Париж Europlace арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум

  5. «Самұрық-Қазына» АҚ мен Total Eren S.A. арасындағы Мирный жобасының негізгі шарттары туралы келісім

  6. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Air Liquide Eastern Europe S.A. арасындағы ынтымақтастық және қаржыландыру туралы келісім.

  7. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Air Liquide Eastern Europe S.A. арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум.

  8. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Total Eren S.A. арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум.

  9. «Qazaq Gaz» ҰК» АҚ, «France Hydrogene», «Medef International» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  10. «QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Technip Energies N.V. арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум.

  11. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ALSTOM Transport SA арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

  12. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Société Générale арасындағы негізгі шарттар туралы келісім

  13. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Orano Group арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  14. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен I2EN арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы Меморандум

  15. «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен Boehringer Ingelheim Animal Health France арасындағы вакциналарды өндіру бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум.

  16. «Назарбаев Университеті» мен «Université de Lorraine» - «Total Energies», «Alstom» және «Air Liquide» ұйымдары арасындағы инженерлік мамандықтар бойынша қазақстандық магистранттарды дайындау және одан әрі жұмысқа орналастыру, ҒЗТКЖ қаржыландыру мәселелері туралы бірлескен мәлімдеме.

  17. «QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ мен Soufflet Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

  18. Syctom «Париж тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату агенттігі мен «Жасыл Даму» АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім

  19. «Жасыл Даму» АҚ мен Vicat арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум

  20. «KazBitumService» ЖШС мен Soprema арасындағы өндірістік ынтымақтастық мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум

  21. «Schneider Electric» ЖШС мен «Schneider Electric Kazakhstan» арасындағы технологиялар трансферті бойынша ынтымақтастық туралы келісім

  22. «Өркен Әлем» ЖШС мен Safran арасындағы парашют жүйелерін өндіруге арналған шарт

  23. «Қарағанды-Бекіре» ЖШС мен Cavier House Premier және Swiss Choice Holding SA арасындағы Францияға өнімді жеткізу бойынша ынтымақтастық туралы Меморандум.

  24. Magnetic Oil және Total Energies (Дунга кен орны) арасындағы үлесті сатып алу келісімі

  25. Қазақстандық инвестициялық даму қоры (ҚИДҚ) мен Proparco арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум 

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге