Баспасөз релиздері

Табысын қайтадан инвестицияға салғандардың корпоративтік табыс салығы төмендейді

Табысын қайтадан инвестицияға салғандардың корпоративтік табыс салығы төмендейді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында табысын қайтадан инвестицияға салғандардың корпоративтік табыс салығы төмендетілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы салықтық әкімшілендіруді түбегейлі қайта қарауды, салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін цифрландыруды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленетін болады.

Сондай-ақ, салық мөлшерлемелерін саралау, пайданы қайта инвестициялау кезінде корпоративтік табыс салығын төмендету, арнайы салық режимдерін оңайлату, бөлшек салықты қолдануды кеңейту, «байлық салығын» енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деді министр.

Сондай-ақ, ол 2030 жылға дейінгі салық саясатының тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын еске салды.

«Тұжырымдамаға енгізілген тәсілдер жаңа Салық кодексіне негіз болады.

Президент қойған жаңа міндеттер бюджеттік жоспарлауды бюрократиядан арылтуға және бюджетаралық қатынастарды жетілдіруге байланысты жұмыстың қисынды жалғасы болады.

Сондықтан мемлекеттік қаржыны басқару Тұжырымдамасының ережелерін және басқа да өзекті мәселелерді қамтитын жаңа Бюджет кодексін әзірлеу тиімді және үнемді бюджет саясатын қамтамасыз етуге жаңа серпін береді», - деді Әлібек Қуантыров.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге