Баспасөз релиздері

Қазақстанның көмір экспорты 2,1 есеге артқан

Қазақстанның көмір экспорты 2,1 есеге артқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеті айдың ішінде бюджеттік ұйымдар мен қарапайым тұрғындар 4,5 млн тонна көмір сатып алған. Бұл туралы ҚазАқпарат Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қаңтар-шілде аралығында Қазақстан бойынша 66,4 млн тонна таскөмір, лигнит және көмір концентраты өндірілген. Оның 92,6%-ы таскөмір – 61,5 млн тонна. Бұл 2021 жылдың алты айымен салыстырғанда 5,8% көп.

Қазылған көмірдің 39 млн тоннасы Павлодар облысына тиесілі. Мұнда өндіріс көлемі былтырғыдан 5% көп. Ал Қарағанды облысының үлесіне 21,3 млн тонна тиесілі», - деп жазады Energyprom.kz.

Аналитикалық ресурстың жазуынша, қазылған таскөмірдің 30%-ға жуығы, яғни 16,4 млн тоннасы (457,4 млн доллар) экспортқа кеткен. Экспорт көлемі былтырғыдан 20,8%, ақшалай есептеген 2,1 есе артқан.

«Қазақстан көмірін импорттаушы елдердің басым бөлігі ТМД аясындағы мемлекеттер. 16,4 млн тоннаның 10,9 млн тоннасын (156,2 млн доллар) сатып алған. Оның 62,2%-ы Ресей Федерациясына кеткен. Одан кейін Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан еңірі импорттаушы болып отыр.

ТМД-дан тыс елдердің ішінде Швейцария 3,7 млн тонна көмір сатып алған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жоспары бойынша, елдің көмір тұтыну көлемі 9,6 млн тоннаға жетеді. Оның ішінде 2,6 млн тоннасы коммуналдық-тұрмыстық салаға тиесілі. Ал 7 млн тоннасын халық тұтынады. 7 айдың ішінде халық пен бюджеттік ұйымдар 4,5 млн тонна түсіріп алған», -деп жазылған сараптамада.

Дереккөз: inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге