Баспасөз релиздері

Биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болады - АШМ

Биыл астық шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болады - АШМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы егін шығымына қатысты болжам айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты егін түсімі төмен болды. Биыл болжамдарыңыз қандай», - деп сұрады Премьер-Министр Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл ауа райы диқандар үшін әзірге былтырғыдан қолайлы болып тұр.

«Биыл көктемгі егіс жұмыстарын біз оңтайлы мерзімде аяқтадық. Топыраққа жиналған ылғалды сақтау жұмыстардың бәрі уақтылы, толықтай атқарылды. «Қазгидромет» маусым айына қолайлы болжам беріп отыр. Осы факторлардың бәрін ескере отырып, биыл астық түсімі көпжылдық орташа деңгейде болады деп отырмыз», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, биыл егіс шығымы былтығырдан 15 пайыз жоғары болуы мүмкін.

«Соның ішінде бидайдың түсімі Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжауы бойынша 13-13,5 млн тонна болады деп жоспарлап отырмыз. Маусым айында күтіп отырған жаңбыр уақтылы түссе, егіс шығымы былтырғыдан 15 пайыз жоғары болады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Дереккөз: www.inform.kz

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге