Баспасөз релиздері

Ұлттық экономика министрлігі 2022 жылы ЖІӨ-нің 3,9% деңгейінде өсуін болжайды

Ұлттық экономика министрлігі 2022 жылы ЖІӨ-нің 3,9% деңгейінде өсуін болжайды

НҰР-СҰЛТАН. 18 ҚАРАША - 2022 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болжануда. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Өткен жылғы жалпы ішкі өнім бойынша есептік статистика деректері және экономика дамуының осы жылдың қаңтар-шілде айларындағы қорытындылары мен Халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуі бойынша жаңартылған болжамдарын ескере отырып қалыптастырылды. Келесі жылы әлемдік экономика - 4,9 пайызға, 2023 жылы 3,5 пайызға өседі деп күтілуде. Халықаралық қаржы ұйымдарының консенсус-болжамы бойынша келесі жылы мұнайдың бағасы барреліне 64,5 доллар, ал 2023 жылы – 58 доллар деңгейінде болады", - деді "Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы" және "Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы туралы баяндаған министр.

Оның атап өтуінше, болжам пандемиядан кейінгі қалпына келтірудің жаһандық үрдістерін ескере отырып әзірленді.

Қазақстанның негізгі сауда әріптестерінің экономикасының белселділігі байқалып отыр. Әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамында әлемдік тауарлар нарығындағы бағаның құбылмалығы, халықаралық сауда және инвестициялық трендтер есепке алынды. Осы жағдайларды ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы консервативті тәсілде қалыптасты. Бюджетті жоспарлауға негіз ретінде базалық сценарий алынды. Оған сәйкес мұнай бағасы барреліне 60 доллар деп болжанып отыр. 2022 жылы жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 3,9 пайыз деңгейінде болжануда. Бұл көрсеткіш 2026 жылы 5,2 пайызға дейін жетеді. Бес жыл аралығында жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық өсу қарқыны 4,8 пайызды құрайды", - деді Әсет Ерғалиев.

Ақпарат көзі: Kazakhstan Today

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге