Баспасөз релиздері

Дүниежүзілік банк Қазақстанда ауыл шаруашылығын реформалауға грант бөледі

Дүниежүзілік банк Қазақстанда ауыл шаруашылығын реформалауға грант бөледі

Дүниежүзілік банк құрғақшылықтың ауыл шаруашылығына ықпалын азайту бойынша бірқатар ұсыныс әзірледі.

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша — Sputnik. Дүниежүзілік банк Қазақстанда ауыл шауашылығы жүйесін реформалауға грант бөледі. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің АҚШ астанасы Вашингтонда Дүниежүзілік банк басшылығымен өткен кездесуі нәтижесінде осындай шешім қабылданды.

Министрліктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар Дүниежүзілік банктің ауыл шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету бағдарламасы бойынша ынтымақтастық орнату туралы келісімге келді.

"Дүниежүзілік банк қазіргі ауыл шаруашылығы саясаты мен қолдау тетіктерін қайта қарау үшін мүдделі елдерге Техникалық көмек көрсету бағдарламасын әзірледі. Бағдарлама бойынша қазірдің өзінде 13 елмен ынтымақтастық орнатылған. Оның аясында сол елдердің талдау жұмыстарына қолдау және техникалық, экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан тиімді реформа нұсқаларын ұсыну бойынша жұмыс жүргізілуде", - деді веломство хабарламасында.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесу барысында грант қаражаты есебінен екі жылдық мерзімге Қазақстанға техникалық көмек ұсыну мәселелерін талқылады. Бұл қаражат 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жобасының басымдығы негізінде ауыл шаруашылығының өсуіне, қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға бағытталады. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған тұрақты агроазық-түлік жүйесі құрылады.

Техникалық көмек аясында халықаралық сарапшылар Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, осы саладағы халықаралық тәжірибені ескерді. Субсидиялау жүйесіне терең талдау жүргізеді, мемлекеттік қолдаудың тиімді шараларын ұсынады, қаржылық қолдау ұсынуға көмек беріледі.

Сондай-ақ климаттың өзгеруін, Қазақстанның бір бөлігінің құрғақшылыққа бейімділігін ескере отырып, Дүниежүзілік банк оның ауыл шаруашылығына әсерін азайту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Қазақстанда субсидия жымқыру қылмысын тергеу

Жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатын жымқыруды тергеу барысында ауқымды арнайы операция жүргізгені белгілі болды.

Ведомствода хабарлағандай, арнайы операцияның нәтижесінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты бөлімшелері мен ұйымдарының және Нұр-Сұлтан және Шымкент қалалары, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстары әкімдіктеріндегі лауазымды тұлғалардан құралған қылмыстық топтардың әрекеті белгілі болды. Осы қылмыстарға қатысы бар 30-дан астам адам анықталды.

Осы жанжалға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен бірге арнайы жұмыс тобы құрылып, ол анықталған проблемаларды қарасытарынын және оны шешу жолдарын әзірлейтінін мәлімдеді.

Біраз бұрын Қазақстан президенті ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген субсидиялардың тиімсіздігін қатты сынға алған болатын.

Ауыл шаруашылығы жүйесінде не өзгереді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жаңа тәсілдер субсидиялау бағыттарын оңтайландырады және олардың механизмін жеңілдетеді. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары енді шаруашылық көлемі мен нысанына қарамастан, барлық субъектілер үшін қолжетімді болады.

Сондай-ақ субсидия алушылардың жауапкершілігін арттыратын нормаларды енгізу көзделуде. Субсидия алушыларға нақты көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша міндеттеме жүктелетін болады.

Ветеринариялық клиникаларда жануарларды есепке алуды цифрлық форматқа көшіру және адами факторды болдырмас үшін жануарлар туралы ақпаратты ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің деректер базасына көшіру процестерін автоматтандыру жоспарлануда.

Дереккөз: https://sputnik.kz/economy/20211108/18600102/duniejuzilik-bank-qazaqstan-grant.html

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге