Бразилия Қазақстанға инвестиция салуға дайын

Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 25 қазан – Қазақстанға бразилиялық инвестицияларды тарту бойынша шараларды жүзеге асыру шеңберінде Елшілік «Por natureza» бразилиялық компаниясының директоры Алан Киероздың Нұр-Сұлтанға сапарын ұйымдастырды. Сонымен қатар, оның барысында бірқатар екіжақты кездесулер өтті.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен және «Eurasian Investment Consulting» директоры Балтабек Құсайыновпен келіссөздер барысында бразилиялық компания басшылығына еліміздің инвестициялық әлеуеті және Қазақстанда бірлесіп жүзеге асыруға арналған нақты әлеуетті жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, компания Нұр-Сұлтан қаласында жалпы құны 15,7 миллион доллар болатын шырындар мен сусындар өндірісі бойынша қазақстандық өнімді көршілес елдердің нарығына шығаруға мүмкіндік беретін бірлескен жобаны жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Осыған байланысты шырындар, сусындар және сүттің жетекші отандық өндірушісі «Astana Bottlers» (Ақмола облысы) бас директоры Марал Есеркеповпен кездесу ұйымдастырылып, оның барысында инвестициялық жоба және оған бразилиялық кәсіпорынның қатысуының ықтимал нұсқалары талқыланды. жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, Astana Bottlers компанияның қызметі мен оның әлеуетін егжей-тегжейлі таныстыру мақсатында өзінің өндірістік базасына баруды ұйымдастырды.

Келіссөздер нәтижесінде «Por natureza» компаниясы мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ арасында Қазақстан Республикасындағы жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Аталған құжат бразилиялық компания мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың негізін қалады және екі ел арасында ұзақ мерзімді инвестициялық ынтымақтастық орнатуға да мүмкіндік береді.

Бразилияның ең үлкен штаты Сан-Паулуда орналасқан Por natureza 25-ші тарихына ие. Бүгінгі таңда компанияның өз бау-бақшалары бар, онда шырындар мен шырын сусындарын одан әрі өндіру үшін әртүрлі жемістер өсіреді, сондай-ақ өз өнімдеріне арналған контейнерлер мен жапсырмалар жасайтын өндіріс орындары бар.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Елшілігі