CCPIT және KAZAKH INVEST ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ҚХР өкілдігі Қытай халықаралық сауда палатасы (CCPIT) және ҚХР Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы Ордос қаласының үкіметі ұйымдастырған «CHINA (ORDOS) – EXPO» халықаралық көрмесіне қатысты.


Көрме аясында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері бойынша «China (Ordos) – Kazakhstan Investment Seminar» іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесуге «Inner Mongoliya Yitai Group», «Mengtai Group», «Erdos Group», «Weifeng Cashmere», «Chundian Holding Group», «Mengchun Diary», «Inner Mongolia Mongol Food», «Global Dream Pasture» сияқты АӨК, ТМК, энергетика, көмір химиясы және басқа да салалардың 30-ға жуық ірі кәсіпорындарының басшылары мен өкілдері қатысты.


Кездесу барысында қатысушылардың назарына Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қолдау мүмкіндіктері мен тетіктері ұсынылды. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Қытайдағы бас өкілі Қуаныш Амантай өз сөзінде қазақстандық компаниялармен инвестициялық ынтымақтастық перспективалары туралы айтып берді, сондай-ақ қытайлық инвесторларға экономиканың басым секторларындағы нақты инвестициялық ұсыныстарды ұсынды. Шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестік артықшылықтар бизнесмендердің ерекше қызығушылығын тудырды.


Сонымен қатар, көрме алаңында қазақстандық тарап ТМК, көмір химиясы және АӨК саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жаңа тәсілдерін талқылау үшін Қытайдың ірі компанияларының басшылығымен бірқатар келіссөздер өткізді.


Іс-шара қорытындысы бойынша «KAZAKH INVEST» ҚХР және CCPIT өкілдігі өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды. Құжат «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдігіне Ішкі Моңғолияның ірі компанияларымен және кәсіпорындарымен инвестициялық ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.

Анықтама: ҚХР Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы солтүстік Қытайда орналасқан. Экономиканың неғұрлым дамыған секторлары металлургия, ауыл шаруашылығы (қант қызылшасын, қой етін және сүт өнімдерін өндіру), жеңіл өнеркәсіп (кашемирден жасалған бұйымдар) болып табылады. Халқы – 24 млн.адам, өңірдің ЖІӨ-264 млрд.

Ордос қаласы-Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының ең дамыған қалаларының бірі. Халқы шамамен 2,5 млн.адам. Қаланың ЖІӨ шамамен 51,95 млрд.