KAZAKH INVEST және EnerTech Holding ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Инфрақұрылым, су тазарту құрылыстары, ЖЭК, азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы екіжақты ынтымақтастық перспективалары «KAZAKH INVEST» Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали мен KSC EnerTech Holding Company бас Директоры Абдулла А. Ал-Мутаиридің кездесуі аясында талқыланды.

Кездесу барысында EnerTech Holding басшысы Абдулла А.Ал-Мутаири Қазақстанда күн энергетикасы мен агроөнеркәсіптік кешенді инвестициялау және дамыту мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық танытатынын хабарлады.

Айта кету керек, АӨК саласындағы жобаларды іске асырумен қатар, келіссөздер барысында аграрлық инвестициялық қорды құруға қатысты бірқатар тақырыптар талқыланды. Тараптар бұл жобаны 1953 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, әлемдегі ең көне ұлттық әл-ауқат қоры болып табылатын «Kuwait Investment Authority» (KIA) компаниясымен бірлесіп іске асыруды жоспарлап отырғанын атап өтті.

Өз кезегінде Жандос Темірғали Кувейт тарапын инвесторларды мемлекеттік қолдау жүйесі туралы хабардар етіп, жоғарыда аталған секторлардағы нақты инвестициялық мүмкіндіктерді атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды дамыту мен іске асырудағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды және өзара іс-қимылды одан әрі нығайту қажеттілігі туралы уағдаласты.

Анықтама үшін:

EnerTech - Ұлттық технологиялық компанияның (NTEC) еншілес компаниясы. 2012 жылы негізі қаланған EnerTech компаниясы өзінің даму жобаларын инвестициялайды және энергетика, таза технологиялар, қайта өңдеу, сумен жабдықтау, қайта өңдеу және жаңартылатын энергия көздері жобаларына қатысады.

Kuwait Investment Authority (KIA) - мұнай табылғаннан кейін қаржы артығы тұрғысынан Кувейт Үкіметінің қаражатын басқару үшін құрылған. KIA миссиясы Кувейт Мемлекетінің KIA-ға берген қаржылық резервтерінен ұзақ мерзімді инвестициялық қайтарымға қол жеткізу болып табылады, бұл Кувейттің болашақ ұрпақтарына алдағы белгісіздіктерді сенімді түрде жеңуге мүмкіндік беретін мұнай қорына балама ұсынады.