«KAZAKH INVEST» басшысы IFC өкілдерімен кездесті

Астанада «Kazakh Invest» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Халықаралық қаржы корпорациясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады (IFC).

Кездесу барысында тараптар ҚР-да инвестициялық ахуалды жақсартудың мүмкіндіктерін қарастырды.

«Мен 2019-2022 жылдарға Қазақстан үшін Дүниежүзілік банк тобының алдағы жаңа стратегиясын әзірлеуге дайындық шеңберінде "Kazakh Invest"  -пен сындарлы кездесуге қуанышты болып отырмын. Біз агробизнес және тасымалдау, логистикаға жеке меншік секторының қатысуын кеңейтуге кедергілер мен мүмкіндіктерді талқыладық», - деп атап өтті кездесу соңында Халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия бойынша өңірлік директорының м.а Ян ван Билсен  мырза. 

Бұл іс-шара экономиканың белгілі бір секторларында жеке меншік секторының қатысуын кеңейту үшін мүмкіндіктерді анықтау мақсатында Дүниежүзілік Банк Тобының консультациялары шеңберінде өткізіледі.

Анықтамалық: Қазақстан 1993 жылы Халықаралық қаржы корпорациясының мүшесіне айналды. 1997 жылдан бастап IFC АӨК, мұнай газ өнеркәсібі, қаржылық қызметтер және басқаларын қоса алғанда түрлі индустрия салаларында Қазақстанда 57 жобаны қолдау үшін шамамен 1,3 млрд АҚШ доллар инвестиция құйды.