Астанада сыни маңызды шикізат материалдары бойынша Нидерланд сауда миссиясымен кездесу өтті

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек 2025 жылғы 14–19 қыркүйек аралығында Қазақстанға келген сыни маңызды шикізат материалдары бойынша Нидерланд сауда миссиясының делегациясымен кездесті.

Миссия құрамына тау-кен технологиялары, металлургия, ресурстарды қайта өңдеу, шикізатты қайта пайдалану және циркулярлық шешімдерді енгізу салаларына маманданған Нидерландтың жетекші компаниялары мен ғылыми ұйымдары кірді. Олардың қатарында Royal IHC, Witteveen+Bos, WMC Energy, Nijhuis Saur Industries және басқалар бар. Тараптар «жасыл» энергетика мен аккумулятор өндірісі үшін негізгі ресурс саналатын литий, кобальт, никель, бор және сирек жер элементтерін өндіру мен қайта өңдеу жобаларын дамыту перспективаларын талқылады.

IMG_5547.JPG

Мадияр Сұлтанбек Қазақстанның сыни маңызды материалдардың айтарлықтай қорына ие екенін және оларды терең қайта өңдеуге озық технологиялар мен инвестицияларды тартуға мүдделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, Нидерландпен әріптестікті дамыту жабдықтау тізбектерінің тұрақтылығын нығайтуға, инновацияларды ынталандыруға және екіжақты ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.

Нидерланд миссиясының өкілдері Қазақстанды Еуропа өнеркәсібі үшін шикізатқа сенімді қолжетімділікті қамтамасыз етудегі стратегиялық әріптес ретінде қарастыратынын және нақты жобалар аясында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін атап өтті.

IMG_5549.JPG

Қазақстан мен Нидерланд ұзақ жылдардан бері серіктестік қарым-қатынасты қолдап келеді. Нидерланд Қазақстан экономикасына ең ірі инвестор болып табылады: тәуелсіздік жылдарында 120 млрд АҚШ долларынан астам қаржы салынды. Сыни маңызды шикізат материалдары саласындағы ынтымақтастық «жасыл» экономика мен тұрақты жеткізу тізбектерін дамытуға деген ортақ қызығушылықты көрсететін жаңа бағыт болып отыр.