KAZAKH INVEST және Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd. Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Мадияр Султанбек және Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd. компаниясының Бас менеджерінің орынбасары Яо Баожонг Қазақстандағы инфрақұрылымдық даму саласындағы ынтымақтастық перспективалары бойынша келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd. – Power Construction Corporation of China (POWERCHINA) еншілес кәсіпорны ретінде әлем бойынша ірі құрылыс жобаларын жүзеге асыруда мол тәжірибеге ие. Компания энергетикалық нысандар, жаңартылатын энергия көздері, сондай-ақ өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында маманданған.

Меморандум аясында энергетикалық инфрақұрылымды салу және жаңғырту, жаңартылатын энергия көздері саласындағы жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, оның ішінде өндірістік кешендер, тұрғын және коммерциялық нысандардың құрылысы бағыттары бойынша ынтымақтастық қарастырылған.

DSC01101.png

Сонымен қатар, Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd. Қазақстандағы басым инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға $100 млн-нан $3 млрд-қа дейін инвестиция салуға қызығушылық білдірді.

«Біз инфрақұрылымдық құрылыс саласындағы әлемдік жетекші ойыншылардың бірімен ынтымақтастықты нығайтуға қуаныштымыз. Бұл Қазақстандағы стратегиялық маңызды жобаларды дамытуға және озық технологияларды тартуға кең мүмкіндіктер ашады», — деп атап өтті Мадияр Султанбек.

Қол қойылған меморандум аясында тараптар өзара ақпарат алмасуды жалғастыру, инвестициялық мүмкіндіктерді бірлесіп зерттеу және жобаларды іске асыру бойынша егжей-тегжейлі жоспарларды әзірлеу туралы келісімге келді. Бұл қадам Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтудың маңызды кезеңі болып табылады, сондай-ақ шетелдік инвестицияларды тарту мен ел инфрақұрылымын дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Анықтама: Sinohydro Bureau 6 Co., Ltd. – Қытайдың мемлекеттік Sinohydro корпорациясының еншілес компаниясы, ол гидроэлектростанциялар, жолдар, көпірлер және инфрақұрылым нысандарын қоса алғанда, құрылыс жобаларына маманданған. Компания энергетика және инфрақұрылым саласындағы ірі нысандарды іске асыруда мол тәжірибеге ие, озық технологиялар мен жоғары білікті мамандарды қолданады. Sinohydro Bureau 6 халықаралық нарықтарда, соның ішінде Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде белсенді жұмыс істейді, құрылыс, жобалау және жобаларды басқару қызметтерін ұсынады.