Сербиялық компаниялар Қазақстанда бизнесті дамытуға мүдделі
Мемлекет басшысының Сербия Республикасына сапары аясында ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов Сербияның сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдерімен, сондай-ақ «Zepter Group», «Mambikom Agrar», «Salviol», «Galenika» және «KRUG International» сияқты сербиялық компаниялардың басшыларымен кездесті.
Осылайша, Сербияның сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен Тараптар Қазақстан мен Сербияның экономиканың басым салаларындағы екіжақты ынтымақтастығын тереңдету мәселелерін талқылады.
«Сербиядан ТШИ ағыны 2008 жылдан бастап $17,4 млн құрады, ал 2023 жылы Сербиядан ҚР-ға ТШИ көлемі $2 млн құрады. Осыған байланысты біз инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда сіздің қолдауыңызға сенеміз», – деп атап өтті комитет төрағасы.
Zepter өкілдерімен кездесу барысында Ғ. Оспанқұлов шикізат, салықтық преференциялар және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты ұсына отырып, елімізде шағын тұрмыстық техника өндірісін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Компанияның өнімдері Швейцарияда, Италияда және Германияда орналасқан 7 зауытта шығарылады. Компанияның Қазақстанда, сондай-ақ әлемнің 40-тан астам елінде өкілдігі бар.
Mambikom Agrar кептірілген жемістерді өндіруде үлкен тәжірибеге ие және Сербияда үш өңдеу зауыты бар. Кездесуде тараптар Қазақстанға әлеуетті инвестициялар ел үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау және мұздату тәжірибесін дамытуда үлкен мүмкіндіктер беретінін, сондай-ақ компания өнімдерінің жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін талқылады.
Salviol жаһандық талдау компаниясының өкілдері еуропалық нарықтарда қазақстандық цифрлық өнімдерді ілгерілетуге мүдделілік туралы айтып берді. Өз кезегінде Ғ. Оспанқұлов Қазақстанның инновациялық технологияларды енгізу және цифрлық шешімдерді дамыту үшін стратегиялық әріптес ретіндегі әлеуетін атап өтті.
Galenika және KRUG компаниялары Денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер мен биоактивті қоспалар өндірумен айналысады. Galenika зауыты-жоғары сапалы белсенді заттарға негізделген сербиялық өсімдіктерді қорғау құралдарының ең ірі өндірушісі. Компания өкілдері Қазақстанда жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.