Қазақстандық делегация Иллинойс және Невада компанияларымен ынтымақтастықты талқылады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрлігі Инвестициялар Комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұлов пен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның АҚШ-тағы Шетелдік Өкілі Марат Бірімжан Ынтымақтастықты нығайту және қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерді ілгерілету мақсатында Иллинойс және Невада штаттарындағы бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді.
Иллинойс штатында өткен дөңгелек үстел барысында Ғ. Оспанқұлов, Сауда Палатасының Президенті Лу Сандовал және Соя Қауымдастығының Нарықты Дамыту Жөніндегі Директоры Тодд Мейн Қазақстандағы дақылдарды өндіру және өңдеу, оның ішінде астықты терең өңдеу және жүгері крахмалын өндіру саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
«Archer-Daniels-Midland» (ADM) компаниясының Аға Директорымен кездесуде қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендегі инвестициялық жобалары таныстырылды. Қазақстанда астық және майлы дақылдарды өңдеуге ADM-нің озық технологияларын енгізу мүмкіндігіне ерекше назар аударылды, бұл елдің осы саладағы экспорттық әлеуетін едәуір арттыра алады.
Келесі кезекте қазақстандық делегация Невададағы «MINExpo International 2024» тау-кен өнеркәсібі саласындағы әлемдегі ең ірі форумға қатысты. Көрмеде тау-кен өнеркәсібінің машина жасау саласында жұмыс істейтін Американдық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Осы келіссөздер барысында тараптар Қазақстанның тау-кен инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бастамаларды талқылады.
Осылайша, «Cummins Inc.» Вице-Президентімен кездесу барысында, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздері жобалары үшін энергия сақтау құрылғыларын пайдалану перспективалары талқыланды. Ынтымақтастықтың басқа салаларымен қатар, дизельді және газды поршеньді генераторлар саласында Cummins технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.
«Xylem» өкілдерімен кездесуде сумен жабдықтау және су ресурстарын басқару саласындағы жобалар, атап айтқанда, суды тазартудың озық технологияларын енгізу және климаттық жағдайлары күрделі Қазақстанның шалғай аймақтарында тау-кен және энергетика салаларының қажеттіліктері үшін су ресурстарын тиімді бөлу мәселелері талқыланды.
Қазақстандық делегация «Windfall Bio» компаниясымен метанды отынға айналдыратын зауыт құрылысының инвестициялық жобасын талқылады. Жоба метан шығарындыларын тиімді пайдалануға бағытталған, бұл экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар секторды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер туғызады.
Сондай-ақ, MINExpo көрмесінде тау-кен өнеркәсібіне арналған озық шешімдерді ұсынатын 16 отандық инновациялық компанияның қатысуымен Қазақстанның ұлттық стендінің тұсаукесері өтті. Компаниялар пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің тиімділігін арттыруға бағытталған жабдықтар мен технологияларды ұсынды, Бұл Қазақстанның тау-кен өнеркәсібін дамытуға және жаңа инвесторларды тартуға ықпал етеді.