Қытайлық компания Қазақстанда күн электр станциясын салу жобасын іске асыруда
«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев «China Datang Corporation Ltd.» Директорлар Кеңесінің Төрағасы Цзой Леймен кездесу өткізді. Оның барысында тараптар корпорацияның Қазақстандағы инвестициялық жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Қездесу барысында, Е. Елекеев тікелей шетелдік инвестицияларды тартудағы KAZAKH INVEST жұмысы туралы хабардар етті және одан әрі ынтымақтастыққа, атап айтқанда, көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты күшейтуге қызығушылық білдірді.
«Қазақстан шикізаттың бай қорларының арқасында көмір химиясында орасан зор әлеуетке ие, олар кейбір бағалаулар бойынша 300 жылға жетуі тиіс. Заманауи технологиялар қоршаған ортаға аз әсер ететін әртүрлі салаларға арналған өнімдердің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстандағы көмір химиясының әлеуеті $25 млрд асады», – деп атап өтті Е. Елекеев.
Өз кезегінде Ц. Лей қазақстандық тарапқа қуаты 500 ГВт болатын энергияны жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт күн электр станциясын салу жобасының іске асырылу барысы туралы, одан кейін 5 қосалқы станциясы бар ұзындығы 180 км электр тарату желісін салу туралы хабарлады. Пысықталып жатқан жоба аясында Корпорация Алматы облысының әкімдігімен өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Қазіргі уақытта жобаны іске асыру мақсатында ауданы 2000 га жер учаскесін іздеу жүргізілуде.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы бастамаларды зерделеу және перспективалы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құруға келісті.
Қытайдың Datang корпорациясы-бес ірі мемлекеттік энергетикалық компаниялардың бірі. Көмірдің жылдық өндірісі 30 млн тоннаны құрайды, ал көмірден газдың өнімділігі шамамен 2 млрд м3 құрайды. Пекин қаласын Корпорация 60% электр энергиясымен және 30% газбен қамтамасыз етеді. Datang активтері Қытайдың 31 провинциясында және әлемнің 10-нан астам елінде орналасқан. Корпорацияның функциясына энергетика секторындағы генерация, жылумен жабдықтау, көмір өндіру және химия өнеркәсібі, қаржыландыру және кешенді қызметтер кіреді.