KAZAKH INVEST Альберта провинциясының энергетикалық сессиясында

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Астана қаласында өткен Альберта (Канада) провинциясының энергетикалық сессиясында ҚР Энергетика Вице-министрі Ерлан Ақкенженовтың, «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетовтің және Канаданың Қазақстандағы елшісі Кристофер Дагганның қатысуымен сөз сөйледі.

Іс-шарада сөз сөйлеген М. Сұлтанбек қатысушыларға ҚР инвестициялық ахуалы, KAZAKH INVEST жұмысы және мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты таныстырды. Басқарма төрағасының орынбасары қатысушыларды мұнай-химия және мұнай-газ жабдықтарын өндірудегі жаңа инвестициялық мүмкіндіктер туралы хабардар етті.

_OLT2506.jpg

«Қазақстанда Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты ірі мұнай-газ кен орындарында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Елімізде мұнай мен газ өндіру көлемінің ұлғаюы Қазақстандағы мұнай-газ машина жасау индустриясының негізгі драйвері болып табылады. Жыл сайын елімізде 90 млн тоннадан астам шикі мұнай және 59 млрд м3 ілеспе мұнай газы өндіріледі. Сонымен қатар, әлемдегі мұнай-химия нарығы өсуді жалғастыруда және 2030 жылға қарай кейбір болжамдар бойынша $1 трлн көлеміне жетеді. Біз полимерлі компоненттер мен басқа да пластмасса бұйымдарының түрі бойынша қайта өңделген өнімдердің шикі өнімдерге қарағанда 10 есе қымбат екенін білеміз. Осыған байланысты, біз мүдделі инвесторларды Қазақстанда және мұнай химиясы саласында және мұнай – газ жабдықтарын өндіруде бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамыз», – деді М. Сұлтанбек.

Сессия барысында қатысушылар перспективалы инвестициялық жобаларды ұсынды және оларды Қазақстан аумағында іске асыру мүмкіндіктерін талқылады. Семинар соңында канадалық инвесторлардың ҚР салалық ведомстволарының басшылығымен және квазимемлекеттік сектор өкілдерімен кездесулері өткізілді.

_OLT2515.jpg

Энергетика саласындағы тәжірибе алмасуға арналған іс-шара екі елдің мемлекеттік және жеке секторларының өкілдерін жинады. Сонымен, Канадалық делегация құрамына бірқатар энергетикалық және экологиялық компаниялардың (Alberta Energy Regulator, Carbon Connect, Eiger Energy Enterprises және т.б.), Канада энергетикалық форумының, Оңтүстік Альберта политехникалық институтының және «De Havilland» авиакомпаниясының өкілдері, сондай-ақ өңірлік Үкімет пен Канадалық коммерциялық корпорацияның делегаттары кірді.

Альберта Канаданың ең бай және экономикалық дамыған провинцияларының бірі бола отырып, Канададағы ең ірі мұнай (жалпы көлемнің 80% - дан астамы) және газ (жалпы көлемнің 60% - дан астамы) өндірушісі болып табылады, сонымен қатар көмір, жел және күн энергиясының айтарлықтай қоры бар. Сапар аясында Альберта провинциясының делегациясы 29-шы «Мұнай және Газ» халықаралық көрмесінің жұмысына қатысу үшін Алматы қаласына баруды жоспарлап отыр.