Сингапурлық компания Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру орталығын ашуды жоспарлап отыр

«KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ алаңында Ұлттық компания Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбектің «Modern Montessori International Group» (MMI Group) президенті Тирумалай Чандрумен кездесуі өтті, оның барысында тараптар Астана қаласында заманауи Монтессори жүйесі бойынша мектепке дейінгі білім беру мен мұғалімдер даярлаудың заманауи орталығын құру жөніндегі компанияның жоспарларын талқылады.

Компания өкілдерінің сапарының негізгі мақсаты жобаны іске асыру перспективаларын зерделеу және бірлескен кәсіпорын құру үшін мүдделі мемлекеттік органдармен және әлеуетті әріптестермен келіссөздер жүргізу. Кейіннен компания Қазақстанның басқа өңірлерінде мектепке дейінгі мекемелер желісін кеңейтуді қарастыруда.

5402527856153715306.jpg

Кездесу соңында тараптар Қазақстанда білім беру саласын дамытуға ықпал ететін жобаны кейіннен іске асыру мақсатында ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

MMI Group 1989 жылы Сингапур мен Азия-Тынық мұхиты аймағындағы заманауи Монтессори жүйесі бойынша патенттелген мектепке дейінгі білім берудің эксклюзивті жеткізушісі ретінде құрылды. Бүгінгі таңда компанияның құрамына әлемнің 14 еліндегі 70-тен астам оқу орны, оның ішінде Сингапурдағы 20-дан астам мектепке дейінгі мекеме кіреді. Айта кету керек, мектепке дейінгі мекемелерден басқа, компания заманауи Монтессори жүйесі бойынша мұғалімдерді даярлау курстарын, сондай-ақ Мектепке дейінгі білім беру бойынша оқу курстарын өткізеді.