PepsiCo Қазақстанда 160 миллион долларлық жобаны жүзеге асыруда

Астанада Қазақстанда тұзды тағамдар шығаратын зауыт құрылысы жобасын жүзеге асыру бойынша тұсаукесері және жол картасының қол қою рәсімі өтті. Кәсіпорын Алматы облысында орналасады және әлемге әйгілі Lay’s брендімен картоп чипсы шығаратын болады. Америкалық компания 160 миллион доллар инвестиция салып, 350 жұмыс орнын ашуды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның қуаттылығы бастапқы кезеңде 14-тен 16 мың тоннаға дейін, кейіннен 21 мың тоннаға дейін өседі.

Өндіріске қажетті картопты Қазақстанда сатып алу жоспарлануда. 2024 жылдың соңына қарай PepsiCo қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін серіктестік бағдарламасын іске қосады. Ауылшаруашылық бағдарламасы аясында PepsiCo қатысушы фермерлерді картоптың арнайы «чипсы» сорттарының тұқымдарымен қамтамасыз етеді, ал компанияның агрокомандасы серіктестерге тұрақты егіншілік, дақылдарды өсіру және сақтау үшін заманауи технологияларды енгізу мақсатында үнемі кеңес береді. Қазірдің өзінде PepsiCo болашақта жергілікті шикізатпен өндірісті қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтасады және 2033 жылға қарай өндіріске тек Қазақстанда өсірілетін картопты пайдалану міндетін қойып отыр.

Компания кәсіпорынның бірінші кезегінің құрылысын 2026 жылы аяқтауды жоспарлап отыр. Кәсіпорынның іске қосылуы картоп өндірушілерге, көліктік-логистикалық серіктестерге және т.б. жүздеген жаңа жұмыс орындарын құруға көмектеседі.

IMG_5113.JPG

Дэвид Манзини, PepsiCo президенті Ресей, Беларусь, Кавказ және Орталық Азия:

«Бүгін Қазақстанға осындай ауқымды инвестиция салу туралы мәлімдеме біздің бизнес үшін үлкен қадам болып табылады. Ел тұрғындары біздің компанияның өнімдерін көптеген ондаған жылдар бойы біледі және жақсы көреді. Алматы облысында кәсіпорынның құрылысы Қазақстан нарығының үнемі өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандырып қана қоймайды, сонымен қатар ТМД-ның басқа елдеріне экспортты жолға қояды. Біз мемлекеттік органдар тарапынан жоғары деңгейде де, әкімдік деңгейінде де қолдау көріп отырмыз, біз «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ жан-жақты қолдауы үшін алғыс айтамыз және жобаның жоспарланған мерзімде сәтті жүзеге асатынына сенімдіміз».

Ержан Елекеев, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

«PepsiCo сияқты ірі инвестордың келуі Қазақстан Республикасының жоғары инвестициялық тартымдылығын растайды. Елбасының тапсырмасына сәйкес жаңа өндіріс орындарының іске қосылуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына қолайлы жағдай жасалып, бұл үшін барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар нәтижеге бағытталған бір ұжым болып жұмыс жасауда. Бүгін біз PepsiCo компаниясымен жобаны дамытудың жол картасына қол қойдық, онда Қазақстанда шикізаттық емес секторда жаңа кәсіпорын салу жобасын іске асыруды қамтамасыз ету және одан кейін оның экспорттық әлеуетін іске асыру бойынша барлық тараптардың жауапкершіліктері мен мерзімдері нақты көрсетілген».

IMG_5081.JPG

PepsiCo Positive (pep+) стратегиясында бекітілген қағидаттарға сүйене отырып, компания SOFS (бастапқы тұрақты операциялар) талаптарын ескере отырып, жаңа өндіріс орнын салады. Бұл жобалау және құрылыс процесінде табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаға әсер ету тұрғысынан өндірісті тиімдірек етуге көмектесетін экологиялық таза шешімдер енгізілетінін білдіреді. Олардың ішінде жаңбыр суын жинау және оны зауыт аумағындағы жасыл алқаптарды суару үшін пайдалану, ағынды суларды тазарту қондырғыларында суды тұтынуды оңтайландыру жүйесі, ғимараттарды жылытуға арналған жылуды қалпына келтіру, «ақылды» жарықдиодты жарықтандыру және т.б. Жергілікті өндірісті іске қосудың өзі парниктік газдар шығарындыларын айтарлықтай азайтады, өйткені басқа елдерден шикізат пен дайын өнімді тасымалдаудың қажеті болмайды.

IMG_5122.JPG

Анықтама үшін:

PepsiCo FMCG секторындағы көшбасшылардың бірі және Қазақстан нарығында 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Компания бүкіл ел бойынша ұсынылған, ал Алматыдағы кеңсе Орталық Азиядағы бизнес бөлімшесі үшін негізгі болып табылады, оның құрамына тағы екі елде – Қырғызстан мен Өзбекстанда өкілдіктер кіреді.

Қазіргі уақытта PepsiCo-да Қазақстанда 250-ден астам, ал Орталық Азия аймағында 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Компания 2024 жылы қатарынан 7-ші рет жаһандық Top Employers институтының беделді «Үздік жұмыс беруші» сертификатын алды.

Компанияның алуан түрлі портфолиосында газдалған, газдалмаған және энергетикалық сусындар (Adrenaline Rush, Lipton, Pepsi және т.б.), чипстер мен жеңіл тағамдар (Lay's, Cheetos, Хрусteam және т. ”, т.б.), шырындар («Фруктовый Сад», «J7» және т.б.) сүт өнімдері («Домик в деревне», «Веселый молочник», «Чудо», BioMax®, «Имунеле», «Ламбер» және т.б.), сондай-ақ балалар тағамы («Агуша») кіреді.