KAZAKH INVEST Транскаспий дәлізі платформасын іске қосуға қатысты
Астана қаласында «Global Gateway» инвесторлар форумы шеңберінде бекітілген Транскаспий көлік дәлізінің үйлестіру платформасын іске қосуға арналған іс-шара өтті. ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев іс-шараны құттықтау сөзімен ашты. Басқалармен қатар, «Халықаралық қаржы институттары» сессиясында модератор және спикер ретінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры Азамат Қожанов сөз сөйледі.
Сессия халықаралық қаржы институттары тұрғысынан Орталық Азияда іске асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобаларға қатысты инвестициялық жоспарлардағы соңғы өзгерістерді талқылауға арналды. Сессия осы жобаларды қаржыландыруға қатысуға дайын, бірақ үкіметтермен әлі нақты талқылаулар жүргізбеген ұйымдардың назарын аударуға мүмкіндік берді.
«Халықаралық қаржы институттары Транскаспий көлік дәлізін нығайту үшін инвестициялар тартуда шешуші рөл атқарады. ЕО қолдауымен жүргізілген зерттеуге сәйкес, Орталық Азия үшін айқындалған 33 инфрақұрылымдық басымдықты қаржыландыру қажеттілігі €18,5 млрд. бағаланады. мұндай көлемдегі Инвестициялар мүмкін болуы үшін бірқатар кредиттік мекемелерді тарту және инвестициялық басымдықтарды бірлесіп айқындау негізінде олардың іс – қимылдарын үйлестіру қажет», – деді А. Қожанов.
Платформа Транскаспий көлік маршрутының функционалдығын кеңейтуге және оны Еуропаны Азиямен байланыстыратын мультимодальды және бәсекеге қабілетті бағытқа айналдыруға бағытталған. Бұл халықаралық көлік дәлізі Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан, Грузия және одан әрі Түркия мен Еуропа елдеріне таралады. Платформаны құру ЕО мен Орталық Азия арасындағы көлік қатынасы бойынша Global Gateway инвесторлар форумында қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі болып табылады.
Іс-шара Орталық Азия елдерінің және дәліз бойында орналасқан басқа елдердің, сондай-ақ халықаралық қаржы институттары мен Еуроодаққа мүше емес G7 елдерінің өкілдерінің қатысуымен өтті.