Қазақстан мен Катар инвестициялық қатынастарды дамыту перспективаларын талқылады

Дохада (Катар) Қазақстан Республикасының Катардағы Елшілігінің, Катар палатасының, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының және «KazService» Қазақстанның мұнай сервистік компаниялары қауымдастығының қолдауымен Қазақстан-Катар бизнес форумы өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке секторының 150-ден астам өкілдері, соның ішінде Катардағы ірі компаниялар – QatarGas, QatarEnergy, Qatar Investment Authority, Hassad Food және т.б. қатысты. Форумға қатысушылар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және экономикалық байланыстарды дамыту перспективаларын талқылады.

BSP02078.JPG

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарушы директоры Азамат Қожанов Қазақстан Республикасының инвестициялық ахуалы, мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, катарлық бизнес өкілдерін Қазақстанда жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

«Қазақстан Орталық Азиядағы инвестиция үшін ең тартымды ел болып қала береді, ол аймаққа инвестицияның жалпы ағынының 61%-ын жинақтайды. Ел негізгі нарықтарға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, Орталық Азияға тікелей қол жеткізе алады, Қытаймен және Каспий теңізі арқылы Таяу Шығыс елдерімен ортақ шекарасы бар», - деп атап өтті Басқарушы директор.

BSP02106.JPG

Ол соңғы кездері Қазақстанды өңдеу өнеркәсібінде өндіріс орындарын ашу алаңы ретінде таңдаған халықаралық компаниялар көбейіп келе жатқанын атап өтті.

«KAZAKH INVEST өз тарапынан инвестициялық жобаларды іске асыруда, соның ішінде аймақты таңдауда, тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді диалог орнатуда, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізуде қолдау көрсету қызметтерінің кешенін көрсетуге дайын», - деп түйіндеді сөзін А.Қожанов.

BSP02052.JPG

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстанның Катар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев, Катар Сауда және өнеркәсіп министрінің орынбасары Сұлтан бен Рашид Әл-Хатер, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов және т.б. қатысты.

Бизнес-форумда сондай-ақ елдер арасындағы сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайта түсетін Қазақстан-Катар Сауда-өнеркәсіп палатасының құрылатыны туралы айтылды.

Іс-шара энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика және өндіріс сияқты түрлі секторлардағы бірқатар іскерлік сессиялармен аяқталды. Бизнес өкілдері бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін толығырақ талқылауға мүмкіндік алды.