Қазақстан мен Катар 500 миллион долларға 5 құжатқа қол қойды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» қорымен және Қазақстан Республикасының Елшілігімен бірлесіп Астана халықаралық форумы аясында ықтимал инвестициялық жобаларды талқылау үшін келген Катар делегациясымен іскерлік кездесу ұйымдастырды. Шейх Халифа бен Джасим әл-Тани бастаған делегация Катар мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға табанды екенін білдірді. Шараға екі елдің 50-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Іскерлік кездесу барысында қатысушылар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Екі тарап әріптестіктің жаңа бағыттарын зерттеуге және экономиканың әртүрлі салаларындағы бірлескен кәсіпорындар мен инвестициялық жобалардың әлеуетін пайдалануға дайын екендіктерін білдірді.

DSC_0697+.jpg

Кездесуде Катар тарапынан жетекші компаниялардың, соның ішінде Nasser bin Nawaf & Partners Holdings, Qatar Insurance, Masraf Al Rayan, Power International Holding және т.б. өкілдері сөз сөйледі. Қазақстан тарапынан «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, ҚИФФ, «Qazaq Gaz» АҚ басшылары және т.б. компания қызметі туралы баяндамалар жасады.

Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Исағалиев бұл Катар делегациясының соңғы 30 жылдағы ең ірі сапары екенін атап өтті. Оның пікірінше, Астанаға Катардың 10 ірі компаниясының келуі елдер арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі керек.

DSC_0702.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов өз сөзінде инвесторларды мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты. Ол өткен жылы ғана Қазақстанға 28 миллиард доллардан астам инвестиция тартылғанын, бұл соңғы онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш екенін атап өтті.

DSC_0685.jpg

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов компания қызметі туралы айтып, елдер арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде, шейх Халифа бен Джассим Әл Тани Катар тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты белсенді дамытуға бел байлағанын мәлімдеді, бұған Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделі катарлық компаниялардың ауқымды сапары дәлел бола алады. Оның айтуынша, кездесу барысында жасалған қол қойылған құжаттар катарлық инвесторлар үшін бастапқы нүктеге айналуы және нарықтың басқа қатысушылары үшін оң үлгі болуы тиіс.

Іскерлік кездесу соңында тараптар 500 млн долларды құрайтын 5 құжатқа қол қойды:

  1. «Бәйтерек» ҰБХ», «CICC» және «Power International Holding» арасында сүт өндірісі саласында бірлескен инвестициялық қорлар құру туралы өзара түсіністік туралы меморандум;

  2. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Катар инвестицияларды ынталандыру агенттігі (IPA Qatar) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

  3. «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Катар кәсіпкерлері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

  4. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Катар бизнесмендері қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Power International холдингі арасындағы Астана қаласында медициналық хаб салу жобасын іске асырудың негізгі қағидаттары туралы негіздемелік келісім.

Екі елдің жетекші компанияларының іскерлік кездесуі екіжақты байланыстардың беріктігін және елдердің экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге деген ортақ ұстанымын көрсетеді. Іс-шара серіктестікті дамыту, тәжірибе алмасу және жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді ашу үшін алаң болды.