KAZAKH INVEST-те Қоғамдық кеңес отырысы өтті
KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңестің кезекті отырысын өткізіп, онда агроөнеркәсіптік кешендегі жобалардың есебін тыңдады.
Күн тәртібі аясында Жоба департаменті директорының орынбасары – Сәуле Сабыр мен Task Force жобаларының жетекшілері – Мәди Қанафин мен Айнұр Жұманбаеваның есептері тыңдалды. Спикерлер Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің даму серпіні туралы хабарлады. Сонымен бірге отандық және шетелдік инвесторлар жобаларды жүзеге асыру кезінде кездесетін проблемалық мәселелер мен оларды шешуге көмектесу үшін қабылданған шешімдер туралы айтты. Сондай-ақ саланың жалпы аналитикалық базасы, оның мүмкіндіктері мен Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен жобаларын ілгерілетудің қысқаша жоспарлары таныстырылды.
Сонымен қатар, күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында бейнебайланыс арқылы Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары өңірлік директорларының 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары туралы есептері тыңдалды.
Айта кету керек, KAZAKH INVEST Қоғамдық кеңесі тұрақты негізде құрылымдық бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдау бойынша жұмыс жүргізеді. Қоғамдық кеңестің жұмысы туралы барлық ақпарат KAZAKH INVEST ресми интернет-ресурсында орналастырылған.