2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында жасыл технологиялар мен тұрақты шешімдерге арналған халықаралық көрме - Regional Ecological Summit EXPO 2026 (RES 2026 EXPO) өтеді.
Көрме Орталық Азияның Өңірлік экологиялық саммиті аясында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің және «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (IGTIC) қолдауымен ұйымдастырылады.
Саммит бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында жариялаған болатын. Бұл жобаға жоғары халықаралық мәртебе мен стратегиялық маңыз береді.
RES 2026 EXPO жасыл технологияларды, ESG-құралдарды және климаттық трансформация бойынша практикалық шешімдерді ілгерілету мақсатында бизнес өкілдерін, мемлекеттік органдарды, инвесторларды және халықаралық ұйымдарды бір алаңға біріктіреді.
Негізгі бағыттар:
- New Energy & Energy Transition
- ESG & Green Finance
- Water & Climate
- Circular Economy
- Smart City & AI
- Green Industry
Қатысу форматтары:
EXPO-аймақ, B2B/B2G кездесулер, панельдік сессиялар және шешімдердің таныстырылымдары.
Ұйымдастыру комитеті компанияларды, оның ішінде Kazakh Invest мүшелерін, көрме мен серіктестік форматтарына қатысу мүмкіндігін қарастыруға шақырады.
Толығырақ ақпарат: www.res2026expo.kz
+7 771 288 65 97
partnership@res2026expo.kz