Қазақстан–Эстония бизнес-форумы

«KAZAKH INVEST» ҰК »АҚ іскерлік қауымдастық өкілдерін Қазақстан–Эстония бизнес-форумына шақырады. Форум 2025 жылғы 18 қарашада Астана қаласында, Халықаралық қаржы орталығының (МФЦА) ғимаратында, Мәнгілік Ел, 55/19, С3.4 блогында өтеді.

Форум Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың болашағын талқылау және екі елдің компаниялары мен мемлекеттік органдары арасындағы іскерлік байланыстар орнату үшін негізгі алаң болады.

Іс-шара бағдарламасына негізгі спикерлер қатысатын пленарлық сессия, жетекші эстон және қазақстандық компаниялардың басшыларының сөз сөйлеулері, сондай-ақ екіжақты кездесулер кіреді.

Іс-шараға білім беру, цифрландыру, IT және киберқауіпсіздік, MedTech және фармацевтика, логистика және көлік, құрылыс және жылжымайтын мүлік, энергетика, химиялық өнеркәсіп және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ИКТ) салаларын ұсынатын эстондық компаниялар қатысады. Эстон делегациясымен мына жерден танысуға болады.

Форумға қатысу үшін тіркелу 2025 жылғы 12 қарашаға дейін қолжетімді: https://forms.gle/33dsJ63uiikgMtQ46