Басқарма

Басқарма

Өзбеков Ғалым Нұрмаханбетұлы

Басқарма Төрағасының орынбасары

Ғ. Өзбеков 1979 жылы 28 шілдеде дүниеге келді. Алматы технологиялық университетін инженер-технолог мамандығы (1996-2001) бойынша тамамдады, Ұлыбританияда Бристоль университетінің мемлекеттік саясат бойынша магистр дәрежесіне ие (2012-2013, "ҚР Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы").

Еңбек жолын 2001 жылы "ҚазАлкоОрталық" РМК бас маманы ретінде бастады, 2002 жылы ҚР Мемлекеттік табыстар министрлігі мен Қаржы министрлігінде қызмет етті. 2003-2005 жылдар аралығында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің "ҚазАлкоОрталық" РМК бас директорының орынбасары лауазымын атқарды. 

2005 жылдың тамызынан 2011 жылдың мамыры аралығында ҚР Ұлттық банкінің  Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі департаменті директорының, Нұр-Сұлтан қаласында (Астана) Үйлестіру жөніндегі департамент директорының орынбасары болып қызмет етті.

2014 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару саясаты мен қаржы секторын дамыту департаментінің директоры болып тағайындалды.

2014 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың сәуірі аралығында Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысында "КаР-Тел" ЖШС (Билайн) Қазақстан корпоративтік сату жөніндегі директор.

2016 жылдан 2018 жылдар аралығында ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасарының кеңесшісі.

2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың тамызы аралығында "Байтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ инвесторлармен жұмыс жөніндегі департамент директоры лауазымын атқарды.
 
2019 жылдың тамыз айынан бастап «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі болып тағайындалды.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге