+7 7172 620 620

Сұраныс жіберу

Авторизациялау

Директорлар кеңесі

Джованни Капаннелли

Тәуелсіз директор - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

Джованни Капаннелли Италия азаматы. 2002 жылы Азия Даму Банкінің (АДБ) Тынық мүхиты өңірлері департаментінің экономисті ретінде қызметке тұрды, сондай-ақ, бұл жерде Тимор-Лесте, Маршаллдық аралдар мен Микронезияның Федералды штаты бойынша елдік экономист лауазымын атқарды.

2004 жылы Капаннелли мырза аға экономист (микро/қаржы) болды және Өңірлік экономикалық интеграция офисіне (ӨЭИО) ауысты, ол жерде қаржы нарығын интеграциялау мәселелері бойынша АСЕАН+3 елдері үшін әлеуетті арттыру бағдарламасын әзірлеу және іске асыру сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, АДБ өңірлік серіктестік және интеграция бойынша бірінші стратегиясын әзірлеуге қатысты. Капаннелли мырза АДБ өңірлік серіктестік жөніндегі «Азиялық өңірлікті дамыту: бірлескен даму үшін кеңістік» және «Өңірлік интеграция үшін институттар: Азиялық экономикалық қауымдастық жолында» атты екі негізгі тақырыптар бойынша мақалаларды әзірлеудің басшысы ретінде қызмет етті.

2009 жылы Капаннелли мырза бас экономист (өңірлік серіктестік) болды және
2010 жылы Токиоға АДБ Институтына (АДБИ) жіберілді, онда АДБИ Деканының кеңесшісі қызметін атқарды. Капаннелли мырза АСЕАН елдері бойынша зерттеулерге жетекшілік етті, сондай-ақ, 2014 жылы АДБ/АДБИ «АСЕАН 2030: шексіз экономикалық қауымдастық жолында» атты зарттеу жұмысының авторы болды.

2014 жылы Капаннелли мырза АДБ бас офисіне Орталық және Батыс Азия департаментінің білім өнімдерін басқару жөніндегі үйлестірушісі лауазымына қайтып оралды. Білім өнімдерін басқару жөніндегі стратегияны әзірледі және Армения, Әзірбйжан, Грузия, Қазақстан, Қырғыстан Республикасы, Тәжікстан мен Түркіменстан елдері үшін елдік жоспарларды дайындау мәселелеріне жетекшілік етті. Сондай-ақ, Әзірбайжан  елі бойынша басты елдік экономист ретінде қызмет етті және «Орталық және Батыс Азияда инклюзивті өсім үшін сапалы жұмысбастылық» атты тақырыбындағы зерттеудің жетекшісі болды.

АДБ келгенге дейін Капаннелли мырза Малайзияда Куала-Лампур қаласында Малайя университетінің Азия-Еуропа институтында профессор (өңірлік экономикалық интеграция мәселелері), сондай-ақ, Еуропалық комиссияда зерттеу бағдарламасының қызметкері ретінде қызмет етті. Сонымен бірге, Токиода (Жапония) Хосэй және Обирин университеттерінде экономика пәнін оқытты, және Жапония, Гонконг, Сингапур елдеріне жетекшілік ететін Токиодағы Италия Банкінің өкілдігінде үш жыл өңірлік экономист лауазымын атқарды.

Капаннелли мырза Миланда (Италия) Боккони Университетінде экономика бакалавры және Токиода (Жапония) Хитоцубаси университетінде экономика бойынша магистр және PhD дәрежелеріне қол жеткізді.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге