Директорлар кеңесі

Динара Нұрланқызы Сейджапарова

Тәуелсіз директор – Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

Динара Сейджапарова ханым Тұрақты Даму жөніндегі Дүниежүзілік Кәсіпкерлік-Кеңестің Комиссары болып еңбек етуде. Бұл Кәсіпкерлік-Кеңес Давостағы 2016 Дүниежүзілік экономикалық форумында құрылды, Халықаралық бизнес, еңбек, қаржы институттары және азаматтық қоғамдастық саласында бүкіл әлем бойынша 35 көшбасшыны біріктіреді және БҰҰ-ның Тұрақты Даму Мақсаттарын (ТДМ) ілгерілету бойынша жұмыс істейді. Комиссия ТДМ-ның нарықтық әлеуетін 30 триллион долларға бағалады www.businesscommission.org

2004 жылы Сейджапарова ханым АҚШ-тың Пало-Алто қаласындағы Стэнфорд университетінің Жоғары Бизнес Мектебінде білім алды, онда ол Іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие болды. Бұған дейін Динара Америка университетінде (Вашингтон, АҚШ) қаржы бакалавры дәрежесін үздік дипломмен, сондай-ақ Колумбия университетінде (Нью Йорк, АҚШ) стратегиялық басқару және Түркияның Измир қаласындағы "9 Eylul University" экономика бойынша білім алған.

Сейджапарова ханым өзінің кәсіби қызметін Вашингтон қаласындағы (АҚШ) Дүниежүзілік Банктің операцияларды бағалау бөлімінің талдаушысы ретінде  бастады және Ресей, Қазақстан, Иордания, Болгария, Латын Америкасы және Африка елдерінің портфельдерімен жұмыс істеу тәжірибесіне ие болды. Сонымен қатар денсаулық сақтау, энергетика, қаржы және т. б. секторларды бағалаумен айналысқан.

2005 жылы "ҚазМұнайТеңіз" ТМК АҚ Қаржы Директоры/Басқарма мүшесі ретінде Каспий қайраңындағы мұнай-газ кен орындарын барлау мен игеру жөніндегі Қашаған және басқа да жобаларды қаржыландыру бойынша жұмыс істеу үшін Қазақстанға шақырылды. 2013 жылдан 2018 жылға дейін "Бәйтерек" ҰБХ " АҚ – да қаржы директоры-Басқарма мүшесі ретінде жұмыс істеді, сондай-ақ АТ және Стратегия мәселелеріне жетекшілік етті. 2018 жылдың сәуір айынан бастап Алматы халықаралық әуежайының Қаржы Директоры – Басқарма мүшесі болды, онда БҰҰДБ қолдауымен экологияны жақсартуға арналған бірқатар жобаларды қаржыландырды.

​Жұмыстағы негізгі қағидаттар кәсібилік, табандылық және командалық жұмыс болып табылады.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге