Мазмұны

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы №32 қаулысына сәйкес инвестициялар және даму Министрі Ә.Исекешев инвестициялық омбудсмен болып табылады.

Инвестициялық омбудсменнің қызметі ҚР ИДМ инвестициялар Комитетінің атынан инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен қамтамасыз етіледі және ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы №1153 қаулысымен анықталады.

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ (инвестициялық омбудсменнің кеңсесі) – инвестициялық омбудсменнің жұмыс органы. Орталық инвестициялық жоспарларды жүзеге асыру кезінде туындайтын даулы және проблемалы мәселелерді реттеу бойынша елдегі бизнес-қауымдастықтардың, инвесторлардың ҚР мемлекеттік билік органдарымен өзара іс-қимыл жасауы үшін тиімді әрі қолайлы алаң болып табылады.

Шетел инвесторлары өз құқықтарын бұзу жағдайлары және/немесе мемлекеттік органдардың тарапынан болған заңсыз әрекеттер туралы мамандандырылған Ұлттық компаниясына шағымданып, білікті көмек ала алады.